Воскресенье, 19 апреля, 2026

«Кез келген бейнетке зейнет бар» дейді Сабырбек қария

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Шақпақбаба ауылының тұрғыны Сабырбек Манабаев ел құрметіне адал еңбегімен бөленген азамат. Ол 1947 жылы Түлкібас ауданының Қарабастау ауылында дүниеге келген. Сабырбек ағамыз еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң отбасылық жағдайына байланысты еңбек жолын «Ильич жолы» ұжымшарында қарапайым жұмысшы болып бастайды. Жас жігіттің елгезектігін, кез келген істе тындырымдылығын байқаған ұжымшар басшылары оған үлкен сенім артып, алдына бір отар қойды салып береді. Құрғақ, көпірме сөзден гөрі нақты іске бейім салмақты Сабырбек көкеміздің мал шаруашылығына деген қызығушылығына үлкен де, кіші де тәнті болады. 

Уақыт өте келе он жетідегі бозбала жұмысына ысылып, аға шопан атанады. Ақсу-Жабағылының баурайын төрт мезгіл мекен еткен шопан қарауындағы малдың қоңдылығын жоғалтпауды басты назарда ұстады. Отарынан шығын бермеді. Әр  жүз саулықтан 107-113, кейінгі жылдары 130-138-ден төл өргізіп, «Ильич жолы» ұжымшарының маңдайалды шопандарының қатарынан көрінді.

Сондай-ақ, Сабырбек Манабаев мемлекетке өткізу жоспарын да үнемі асыра орындап жүрді. Ерінбей, талмай еткен еңбектің нәтижесі де көп кешікпей жемісін берді. «Мал шаруашылығының шебері», «Социалистік жарыстың  жеңімпазы», «Алтын қолды шебер» атақтарына ие болған ол III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін омырауына тағып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Компартиясының XIV съезіне делегат болып сайланды.

Сонымен қатар, Сабырбек Манабаев 1977, 1984, 1987, 1990 жылдары Шақпақ ауылдық Кеңесінің депутаты болып сайланады. Мал шаруашылығының майталманы, ел-жұртқа сыйлы Сабырбек аға 2010 жылы зейнеткерлікке шықты.

Шақпақбаба ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдықұл Айтжановтың айтуынша, шаңырағына шопандықтан құт дарыған қария әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмайды екен.

– Ол – ауылымыздың қадірменді қариясы, қоғам белсендісі. Жастарға өмірден түйгенін үйретуден жалықпайды. Еткен еңбегі кейінгі толқынға үлгі-өнеге. Сәкен 2003 жылы ауылдағы «Имам Ағзам» мешітін күрделі жөндеуден өткізіп беруге демеушілік жасады. Жақында Меккеге барып, қажылық парызын өтеп қайтты, – дейді ол.

Иә, ардагер ата бүгінгі берекелі тіршілігіне оп-оңай жете салған жоқ. Талай игілікті істердің жаршысы болумен қатар, бар саналы ғұмыры тынымсыз тіршіліктен тұрды. Бүгінде Құдай қосқан қосағы Сапаркүл апамызбен тату-тәтті ғұмыр кешіп, кіндігінен тараған алты перзентінен 18 немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Ұл-қыздары өз мамандықтарына сай еліміздің әр түкпірінде жемісті еңбек етуде. Манабаевтар әулеті тамырын тереңге жайған, саялы бәйтеректей жайқалып өсуде.

 Орынтай  КӨМЕКОВ.

Түлкібас ауданы.

Жаңалықтар тізбесі

«ШЕВРОН» ТАБЫСТЫ СЕРІКТЕСТІК

  «Шеврон» – 1993 жылы Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі. Сол кезден бастап “Шеврон” прогрестiҚазақ қоғамындағы аса...

Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтті.

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақ күресінен «Turan Barysy»...

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында тұрғындар жалпы қабылдауда облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға көкейдегі сауалын қойып, өтініштерін ашық айта алады. Бұл үрдіс өңір...

Cardi B Deletes Instagram After Social Media Backlash Over Her Historic Grammys Win

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

«AMANAT»: Адам саудасы мәселесі заңмен қатаң реттелуге тиіс

«Адам саудасы туралы ХХІ ғасырға айтудың өзі жабайылық сияқты болғанымен де,  өкінішке қарай, бұл – бүгінгі күннің шындығы» «AMANAT» Орталық...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды. Кіші футболға арналған алаңды ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары...

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,...

Трансформер жиһаздар жасайды

Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты. 26 жастағы...

Сарыағаштық жасөспірімдер облыстық кезеңге жолдама алды

Мектеп оқушылары арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ұлттық Мектеп Лигасының» аймақтық кезеңі аяқталды. Бұл лиганың мақсаты – оқушылар арасында...

Тағы да