Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан облысында отбасын қолдау орталықтары құрылады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, полиция департаментінің, облыстық прокуратура, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі саясат, мәдениет, дін істері, спорт басқармалары басшылары, орынбасарлары, Түркістан облысындағы бала құқығы жөніндегі уәкіл және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды.

Комиссия отырысында Түркістан облыстық полиция департаменті өкілінің кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар және профилактикалық жұмыстар туралы дерегі баяндалды.

Бірнеше аудан әкімдері орынбасарлары бала құқығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сонымен бірге өңірдегі келеңсіз оқиғалар талқыланып, түрлі мемлекеттік мекемелердің жұмысына сын-ескертпе айтылды. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін жұмысты күшейту керектігі қозғалды. Пробациялық бақылау, пробациялық бақылауда жүрген тұрғындарды жұмыспен қамту, балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында ұсыныстар берілді. Суицид, әлімжеттік, балалар құқықын қорғау бойынша мамандар пікірі тыңдалды.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева саладағы кемшіліктерге тоқталып, бұл бағытта барлық құзырлы орган, мемлекеттік мекемелер бірлесе әрекет етуі керектігін жеткізді.

– Бала құқығын қорғау, олардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету – бәріміздің міндетіміз. Әр мемлекеттік мекеме, басшылар, құқық қорғау органдары мен ата-аналар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараулары тиіс, – деді ол.

Түркістан облысында балалар құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 2025 жылға дейін 15 ауданда және 2 қалада Отбасын қолдау орталықтарын құру жоспарланып отыр. Отбасы институтын нығайту, білім мекемелерін жаңарту, оқушыларға заман талабына сай жағдай жасау, мектепте бала құқығы бойынша кеңестер беру, қосымша үйрімелерді көбейту бағытында жұмыстар күшейтіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ

Облыста жыл сайын мал басының ұлғаюына орай, жем-шөпке сұраныс артқан. Бүгінде егіс құрылымын қалыптастыруда мал азықтық дақылдарға басымдылық...

Антикор 7 мемлекеттік орган басшысын әкімшілік жазаға тартты

  Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол...

САЙРАМ: Аналар алқа тақты

Дара туған данышпан, ел қорғайтын батыр, сөз бастайтын шешен, бір сөзбен айтқанда елге пайдасы тиер перзент анадан туады. Сондықтан...

ТҮРКІСТАН: «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 13 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС МАМАН ЖҰМЫС ТАПҚАН

2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты...

Түркістан түркі дүниесінің түрленген дәуірінің озық жетістігі.

Түркістанның Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып, Түркістан облысы атанғалы бері атқарылған іс те аз емес, атқарар дүние де жетерлік....

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫ АРҚЫЛЫ АӘК АЛУШЫЛАР САНЫ 22 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

Түркістан облысында 2023 жылы 109,7 мың жұмыс орнын ашу бойынша облыс басшысының бастамасымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілді. Оның...

Келесте аптаның бір күнін ұлттық ойындарға арнаған балабақша жұмыс істейді

Келес ауданында орналасқан «Балдырған» балабақшасында аптаның әр сәрсенбісі «Ұлттық күн» деп дәріптеліп, сол күні қызметкерлер ұлттық үлгіде киініп, барлық...

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты жеке бап ретінде қарастыру ұсынылды

Еліміздегі әйелдер мен балалар істері жөніндегі ұлттық комиссия тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды, яғни оны қылмыстық кодекстің жеке бабына...

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

Тағы да