Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Оқушылар сарайында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы балаларға сергектік сыйлады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер судағы қызықты сәттерсіз елестете алмайды.

Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзінше, бұл сайыстың балаларға берері мол.

– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, — деді ол.

Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты.

Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды.

Мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан күн санап түрленіп келеді.

Түркістан қаласы облыс орталығы болғаннан соң, өсіп-өркендеп келеді. Барлық Қазақстандықтар бұл қаланы рухани шаһар ретінде біледі. Бүгінгі таңда осы...

Қазақстандық журналистер Өзбекстандағы тарихи-мәдени орындармен танысты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты - қос ел арасындағы...

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында іске асырылуда

  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

«Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы…»

Иә, хакім Абай атамыз айтқандай, көп қарадомалақтың бірі болып біз де интернатта оқыдық. Әлі есімде, осыдан 56 жыл бұрын,...

Жетісайда «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» атты семинар-кеңес өтті

Жетісай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Салауатты болашақ» жобасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты міндеті» тақырыбында аудандық семинар-кеңес болып...

Аудан көлемінде «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Ағымдағы жылдың 15-30 мамыр аралығында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оқушылардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АГРОСАЛАНЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – азаматтардың әл-ауқатын көтеру, азаматтардың денсаулығын сақтау....

Шардарадағы игілікті іс

Шардарада балық аулаудан жарыс өтті. 25 қазан – Республика күніне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен әуесқой және...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1030 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТАДИОН АШЫЛЫП, ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҰСЫНЫЛДЫ

  Бүгін Созақ ауданының 95 жылдық мерекесі аясында Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1030 орындық спорт алаңы ашылып, ел...

Тағы да