
Шардарада балық аулаудан жарыс өтті. 25 қазан – Республика күніне орай, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен әуесқой және жастар арасында балық аулаудан сайыс өтті. Жарысқа аудандағы қала мен ауылдардан бас-аяғы 11 команда қатысты. 50 ге жуық балықшы тәулік бойы теңізге қармақ салып, балық ұстады. Бір ерекшелігі жем қолданылмай, үш ілмекке ғана ұрықсат берілді.
Республика күніне орай Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған сайысқа ауданнан 11 команда қатысты. Шараға әр командада 3 адам, 4 қармақпен қатысып, салмағы 600 грамм шығатын балықтарды ұстаудан сынға түсті. Басты мақсат аудан жастарын қоғамдық белсенділікке тарта отырып, бос уақтын тиімді пайдалану, балық шаруашылығына деген қызығушылығын арттыру және басқа да ортаға деген көзқарастарын нығайту,дейді ұйымдастырушылар.
Сайысқа жалпы 50 ге жуық балықшы қатысты. Олар тәулік бойы теңізге қармақ салып, балық аулады. Жарыстың тағы бір ерекшелігі ешқандай жем қолданылмай, қармаққа үш ілгіш байлауға ұрықсат етілді. Сайыс ережесіне сәйкес ең бірінші ауланған балық пен ең үлкен балыққа арнайы жүлде тағайындалыпты.
Аса тартысты өткен сайыста бірінші орынды Қоссейіт ауылынан Қармақшы командасы, екінші орынды Шардара қаласынан Сазан командасы, үшінші орын Алатау батыр командасы иемденді.Ал, ең алғашқы балық Номинациясын Шардара қаласынан Сазан командасы, ең үлкен балық Қоссейіт ауылынан Қармақшы командасы ұстады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бақытжан Таласов үздік шыққан үштікке және қатысушы командаларға арнайы мадақтама хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырып, белсенділік танытқандарға алғыс білдірді. Жарысқа қатысушылар мереке қарсаңында шараны ұйымдастырушы азаматтарға өз алғыстарын айтып, тарқасты
