Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ақ әжелер сайысы қорытындыланды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер» атты байқаудың қорытынды шарасы болып өтті.

Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, жастардың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған тағылымы мол салтанатты шараға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет пен әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, аудан тұрғындары қатысты.

«Сіздердің бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыздың қыздарымыз бен жас келіндерімізге, перзенттерімізге үлкен тәрбие берері сөзсіз. Бүгін сіздер ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстұрлеріміз бен жөн-жоралғыларымызды қайта жандандырып, жас ұрпақты қайта қауыштырып отырсыздар. Ол үшін сіздерге, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз» деген аудан әкімі байқауда ерекше қабілетімен көзге түскен әжелерді түрлі номинациялармен марапаттады.

10 жылдық аясында ұйымдастырылған байқау барысында қатысушылардың ұлттық тәрбие, рухани құндылық, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі, қолөнер секілді негізгі бағыттарға баса назар аударылған. Жеңімпаздарды анықтау да осы критерийлердің толық қамтылуымен жүргізілген.

«Жеңімпаз атанғысы келген әрбір қатысушы қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша білімдерімен бөлісіп, пайым-парасат иесі екендіктерін көрсетті. Бірі әуелете ән салса, енді бірі ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздан және жөн-жоралғылардан көріністер қойды. Балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – құлақ құрышын қандырар бесік жырын айтып, өз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуін, бар жақсылықты бойына сіңіріп өсуін тіледі» дейді әділ қазылар алқасының мүшесі Гүлжан Серікқызы.

Байқау қорытындысымен жүлделі ІІІ орын Атамекен, Жылы су, Қазыбек би ауылдық округінің ардагерлер бастауыш ұйымының әжелер алқасы иемденсе, ІІ орын Ж.Ералиев пен Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әжелеріне бұйырды. Ал, І орынды Қызылқұм ауылдық округінің әжелері қанжығасына байласа, Асықата кентінің әжелері бас жүлдені иемденіп, жеңімпаз атанды.

Әжелеріміздің қатысуымен өткен тағылымы мол сайыс шын мәнінде өскелең ұрпақ пен жас келіндердің көрегенділігі мен инабаттылығын, өнегесін арттырып, олардың тәлім-тәрбие ұрығын себуші, ұлттық салт-дәстүрді кейінгі ұрпаққа аманаттаушы екендігін жіті түсіндіруде ешкім қайталай қоймайтын, алмастыра алмайтын бейнесі екендігін дәлеледеген тағылымы мол шара болды.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайыз өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты...

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 мыңға жуық адам газбен қамтылатын болды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барған сәтінде осындай...

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады

Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады. Тұңғыш Президент күнінің...

АЯЛА қайырымдылық пен мейірім нышаны

Шеврон корпорациясы - Американдық көпұлтты энергетикалық корпорация. Әлемдегі ең ірі компанияның бірі болып саналатын Шеврон - май, табиғи газ,...

Түркістан облысында балаларды тасымалдауға қосымша 30 автобус берілді

«Балалар жылы» аясында республика көлемінде тапсырылған 500-ден астам заманауи талаптарға сай автобустардың 101-і Түркістан облысының балаларының игілігіне берілді. Бұл автобустар...

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ ЗОР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Арыста спорт алаңшасы ашылды

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінде 2,5 мың шаршы метр аумақты құрайтын спорт және балалар алаңшасы...

Қайырымдылық – құнды қасиет

Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры...

АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!

Қала әкімі Мұрат Дүйсебекұлының қолдауымен, менің әріптесім Ақбаян Сапарбаеваның ұйымдастыруымен өтіп жатқан бұл іс-шарадан жомарт жүректі азаматтар да шет...

Тағы да