Воскресенье, 19 апреля, 2026

АЯЛА қайырымдылық пен мейірім нышаны

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

фото Массагет.кз

Шеврон корпорациясы — Американдық көпұлтты энергетикалық корпорация. Әлемдегі ең ірі компанияның бірі болып саналатын Шеврон — май, табиғи газ, оның ішінде көмірсутектерді барлау, тазарту және өндіру; маркетинг және көлік; химиялық заттарды өндіру және сату; электр қуатын өндірумен айналысады. Шеврон компаниясы 180-нен астам елде белсенді түрде жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда аталмыш компанияның Қазақстан нарығында жұмыс жасап келе жатқанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде әлеуметтік бірнеше жоба іске асырылып, көптеген бастамаларға қаржылай қолдау мен көмек көрсетілді. Соның бірі Шеврон комнапиясы демеушілік ететін «АЯЛА» қайырымдылық қоры.

2007 жылдан бастап мейірімділік пен қайырымдылық нышаны болған «АЯЛА» қоры – екі бағытта көмек түрін ұсынады.  Бірінші кезекте науқас бүлдіршіндерге емдік көмек беріп, денсаулықтарын қадағаласа, екінші кезекте  медициналық білімі сауатты маман дайындап, емханаларға қаржылай көмек берумен айналысады. Бұл игі істері жобалар аясында жүзеге асырылуда. Әр жобада әртүрлі қажеттіліктер қарастырылып, нәтижелі жұмыстар жүргізілген.

  1. Ментальды, ақыл-парасаты, сөйлеу, көру және есту қабілетінде мүгедектігі бар балаларды біліммен қамтамасыз ететін елімізде жүздеген түзету бөбекжайлары мен мектеп-интернаттар, мамандандырылған түзету кабинеттері, санаторийлер мен оңалту орталықтары бар. «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасы осындай орталықтарға арнайы оқыту және түзету материалдарын, балалардың денсаулығын нығайту мен әлеуметтендіруге көмектесетін құралдарын сатып алуға, орнатуға, дамыту бөлмелерін жабдықтауға көмек береді.  Қор ашылған жылдан бері жобаның күшімен  Қазақстанның 20 қаласында 20 мыңнан астам баланы қажетті құралдарымен қамтып, 10 – жуық білім беру мекемелеріне түзету және емдеу жабдықтарын тапсырылған.
  2. «Coding Lab» — Samsung компаниясының жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін бағдарламалау саласындағы қосымша білім берумен байланысты ұзақ мерзімді, тегін жобасы. 14-17 жас аралығындағы IT саласына деген қызығушылығы бар жас жеткіншектерді онлайн тест тапсыртып, нәтижесі бойынша білім алуға шақырады. 2018 жылдан бағдарламалаудың негіздерінен бастап, Java тілін, компьютерлік графика мен дизайнды үйретіп, білімдерін практикада қолдана отырып мобильді қосымшаны өз бетінше жасап, халықаралық IT-байқауларға қатыса алатын буынды тәрбиелеумен айналысып келеді. Осындай сипатта «Кәсіби бағдарлау», «Solve for tomorrow» жобалары жұмыс жасайды.
  3. «AYALA академиясы» жобасы – Отандық дәрігер мамандардың біліктілік деңгейін курстар, білім беру семинарлары мен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырып, шет мемелекеттерге тәжірибе жинақтауға жіберумен айналысады. Жоба аясында 13 дәрігер Оңтүстік Кореяда біліктілігін арттыру курсынан өтіп, 700 дәрігер Қазақстанда неонатология және балалар медицинасы бойынша арнайы тақырыптарда дәріс алған.
  4. Нәресте және бала өлімі мен мүгедектігін төмендету ұранымен қызмет жасап келе жатқан кезекті жоба – «Денсаулық сақтау» деп аталады. Елімізде қайтыс болған нәрестелердің 60% -дан астамы — жаңа туған нәрестелер. Тармағы кеңге тараған жобаның шеңберінде «Басқарылатын гипотермия», «Мен де өмір сүргім келеді», «Тыныс ал, балақай» сынды бөлімдер осы қасіретпен күресу үшін жұмыс жасап келеді.
  5. «АЯЛА» қорының жобалар арасындағы алтын діңгегі – «Өмір сыйлайық» жобасы. Балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтарды заманауи реанимация жабдықтарымен жарақтандыру жөніндегі республикалық жоба 14 жылда Қазақстанның 36 қаласын және 67 медициналық мекемелерін қамтыған. Статистикаға сүйенсек 242 медициналық және білім беру мекемелері: (перзентаханалар, перинаталдық орталықтарға, балалар ауруханаларына, емханалар мен санаторийлерге, сондай-ақ сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, түзету мектеп-интернаттарына және балабақшаларға) 3,4 млрд теңге қаржы бөліп,  көмек  көрсеткенІрі демеушілер (Шеврон компаниясы, Samsung, Halyk bank, Air Asatana, Galmart супермаркеті, Mediker, Samruk kazyna trust, Hailey bury, keruen city, qazaq oil, orriflame, small, qaganat т.б.) мен қазақстандықтар аударған 809 млн теңге қаражатқа қор: 116 фототерапия аппараты, 13 ӨЖЖ аппараты, нәрестелерге арналған 9 инкубатор, 24 реанимация үстелшелері, 140 инфузиялық және шприцтік мөлшерлеуіштер, 11 nCPAP аппараты, 43 медициналық сорғыштар, 26 кереует алды мониторлары, 2 наркоз аппараты, дефибриллятор, 9 ЭЭГ мониторы, 7 гипотермия аппараты және нәрестелердің өмірін құтқару үшін маңызды жүздеген басқа медициналық құрылғылар ауруханаларға орнатқан. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 100 мыңан астам баланың өмірі сақталған. Бүгінде жоба жалғасын тауып келеді, себебі көмекке мұқтаж орталықтардан реанимация жабдықтарын сатып алуға көмектесуді сұраған хаттар қорға келіп түсуде.

Өмірдің ащы азабын туа салып тартып жатқан бейкүнә нәрестелер қаншама?! Қиналған жүректерді осындай қасіреттен құтқаруға барынша көмек қолын созумен айналысып жүрген азаматтар, көмек көрсету ұйымдары бүгінде көбейген сайын талай бүлдіршіннің өмірі аман қалып жатыр. «АЯЛА» қоры өзекті мәселені шешу жолымен қарастыра отырып, қарқынды жасаған жұмыстары жүйелі нәтижелерін беруде. Басты миссиясы — Қазақстандағы қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетіне тәрбиелеп, бала денсаулығын сақтап, жарқын болашаққа жетелеу болып саналатын қордың күші өз миссияларын қайткен күнде де орындайды деген сенім әр қазақтың жүрегінде. Бастысы,

Сәбилер ешқашан да жыламасын,

Қазақты баламенен сынамасын.

Биікке көтерілген бейбіт туы,

Құламасын, ешқашан, құламасын!

 

Нұрай ДАУКЕН

Жаңалықтар тізбесі

Жастар «CAR FEST-2022» АВТОФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ

Алғаш рет «Car Fest 2022» автофестивалі өтті. Автошоу шаһарда алғаш рет ұйымастырылып отыр «Арғымақ» автокөлік базарында өткен шараға жергілікті...

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Сот билігін атқарушы ретінде тағайындалған лауазымды тұлға ол – судья. Ол сот билігінің өкілі ретінде барлық құрмет пен беделге ие....

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ 100 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тәуелсіздік күніне орай Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бестоғай ауылында салтанатты түрде 100 орындық Досан мектебі пайдалануға берілді. Мектептің жаңа...

Offset Shares a Video of Cardi B Giving Birth to Baby Kulture

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

ТУРКЕСТАН: НА ВЫБОРЫ АКИМОВ РАЙОНОВ ВЫДВИНУТО 30 КАНДИДАТОВ

В Туркестанской области 5 ноября текущего года выборы акимов районов пройдут в Байдибекском, Мактааральском, Созакском и Шардаринском районах. Согласно...

Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген

Қамшы өнер туындысы, сый - сияпаттың төресі. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады. Атам...

Арыс қаласында «Әже – ұлт ұйытқысы» атты ғибратты шара өтті

Арыста қалалық «Әжелер алқасының» 10 жылдығына орай «Әже – ұлт ұйытқысы» тақырыбында қалалық мәдениет сарайында салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште...

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап...

ТҮРКІСТАН: Жетісайлық 2 мың оқушы қала сыртындағы лагерьлерде демалады

Мектеп оқушыларының асыға күткен жазғы демалыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізу мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл жетісайлық 2 мың оқушы...

Тағы да