Понедельник, 20 апреля, 2026

Гүлзираның бақыты

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ана бақыты! Бұл – ақ босағаны аттаған әрбір келіншектің басты арманы. Өмірге бала әкелу, ана атану, сәбиіңнің құлдыраңдап ойнап жүргенін көру, түскен босағаңды шаттыққа шомылдыру, ауыл-аймақтың сүйікті келіні атану, міне, әйел затының негізгі арманы осылар болса керек. Гүлзира да ақ босағаны аттағанда осындай сезімде болды. Гүлзира – акушер-гинеколог. Ақ босағаны аттаған әр келіннің сәби сүйгенін жан жүрегімен қалап тұрады. Қазір экологиялық ахуал нашарлап кетті дейміз, басқа да себептер жеткілікті, тұрмыс құрғандарына бірнеше жыл өтсе де құрсақ көтере алмай жүрген келіндердің қарасы көбейіп бара жатқандығын жасыруға келмес. Сондайда аңсарлы арманын құндақтап біраз  келін Гүлзираның алдына келеді. Олардың үміт шырағын жаға білу Мырзакент орталық ауруханасы әйелдер кеңесі бөлімінің меңгерушісі Гүлзира Мархабаеваның кәсіби парызы һәм міндеті.
Былтыр ғой, Гүлзираның алдына ұрлана да ұяла жиырма бір келіншек кірді. Акушер-гинеколог оларды мұқият тексеріп көрді. Түрлі сараптамалар алды. Ойлана келе «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы оларға көмек көрсету керек деп шешті. Бұл ретте  «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бірқатар түйінді мәселелерді шешуге болады.  Бүгінде медицина қарқынды дамып келеді дейміз. Бұл рас. Жоғарыдағы жиырма бір келіншектің он жетісі сәби сүю бақытына ие болды. Ал, биылғы бес айда оның алдына 13 келін келген. Солардың төртеуі бесік тойын өткізді. Ал, бесеуіне енелері құрсақ шашу тойын жасады. Тағы төрт келін бүгін-ертең шаңырағын шаттыққа бөлейді деп үміт артып отырған жай бар.
Перзентхана – үміт үйі. Бақыт баспалдағы. Мұнда алғаш босанғалы келген келіншектердің бойында аздаған қобалжу болары  айтпаса да түсінікті. Мұндайда Гүлзира оларды сабырға шақырып, көңілдерін демдейтін сөз таба біледі. Дүниеге шыр етіп келген сәби даусын есту қандай бақыт десеңші! Анасының бал-бұл жанған жүзін, оның сәбиін құшырлана бауырына басқанын  көру де бір бақыт. 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халық- аралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетін бітіріп келгелі Гүлзира мыңнан астам сәбидің кіндік шешесі атаныпты. Мың Қуаныш! Мың Тәубе!
– Осынау сезімді бастан кешіру қандай керемет?! Сондықтан мен  мамандығымды дұрыс таңдағаныма қуанамын. Өмірге келген әр сәби маған қуаныш қана сыйламайды, тілмен айтып жеткізе алмайтын алапат сезім де береді. Әйелдер жаратылысы бөлек жандар ғой. Олар менен кеңес алуға жиі келеді. Мен оларға ана болудан асқан бақыт жоқтығын үнемі айтып отырамын, – дейді Гүлзира бізбен әңгімесінде.
Иә, кеңес беру, ақыл айту бар да, соны өзің жасап, көпке үлгі болу тағы бар. Бұл ретте Гүлзираның құтты қадамына және сүйсінесіз.  Ол тұңғышы Жанарды 2010 жылы дүниеге әкелді. Мұнан соң Меруерт пен Маржан бір күнде жарық дүние есігін ашты! Аслан мен Жасұлан да егіз. Қатарынан екі рет егіз бала тапқан Гүлзира бүгінде ауыл-аймақтың үлгілі келіні.
Гүлзираның жолдасы Нарболат Исағұлов – Абай атындағы жалпы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі. Жарасымды отбасыға ауыл-аймақтың үлкен-кішісі сүйсіне қарайды.
Гүлзира Мархабаева облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен, Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасы бас дәрігерінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
– Маған марапаттың үлкені – аналардың қуанышы! – дейді ол.
Оның бұл сөзіне біз де марқайып қалдық.

Мақтаарал ауданы.

Жаңалықтар тізбесі

Стамбұл Ханзада аралдарының таңғажайып аурасы бар

Әлемдегі ең ірі  мегаполистердің бірі – Стамбұлдың басқалардан ерекшелігі бар. Шаһарда еуропалық және азиялық мәдениеттер үйлесім тапқан, өткені мен...

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ»

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

Балаға зорлық жасағандар өмір бойына сотталуы керек– Елнұр Бейсенбаев

Мәжілістегі «АМАNАТ» Фракциясының төрағасы Елнұр Бейсенбаев Премьер-министр мен Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында бала құқығын қорғау мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы...

Шолпанның шұғылалы шақтары

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан көрсетілген...

2021 ЖЫЛ – ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАУІПСІЗ ТУРИЗМ ЖЫЛЫ

Әлем бойынша қауіпсіз туризм сертификациялау бағдарламасын іске қосқан Түркия 2021 жылдың жаз маусымына дайын. 2020 жылдың маусымында беріле бастаған...

«Кітап оқитын адам – табысты адам!»

Мектеп оқушыларымен «Кітап оқитын адам – табысты адам!» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге адамның интеллектуалдық және тұлғалық...

Қазақстан ішіндегі саяхат туралы балалар кітабы шықты

  Алматы, Қазақстан, 2022 жылғы 27 желтоқсан – «Алмалы кітапхана» кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған “Тау мен дала елінің құпиясы” атты балалар кітабының тұсаукесері...

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қызу дайындық үстінде

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -...

Тағы да