Воскресенье, 19 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Балалардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі бойынша рейдтер жалғасып жатыр

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев айтты.

Спикердің сөзінше, жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқығын қорғау полиция қызметкерлерінің күн тәртібінен түспек емес. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» және «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс шаралары өткізіледі.

– Жыл басынан бері жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 142 кәмелетке толмаған және тұрғын үйден тыс жерде жүрген 3 402 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 68 мекеме иесіне Әкімшілік кодекстің 132-бабымен хаттама толтырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 329 кәмелетке толмаған және бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 243 отбасы есепке алынды. Ал жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстар 2 пайызға төмендеді. Ата-аналарға айтарым, демалыс кезінде балаларыңыздың қайда жүргенін қадағалап, түнгі уақытта өз беттерінше үйден тыс жерлерде болуына жол бермеңіздер. Себебі, осы уақытта балаларыңыз қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін, — деді Бағланбек Есембекұлы.

Брифингте Жергілікті полиция басқармасының бастығы Асылхан Төреханов өңірдегі 17 жазғы лагерьге полиция қызметкерлері бекітілгенін, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілікке түсетінін жеткізді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары шомылу кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Осы бағытта полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал тыйым салынған жерлерде шомылу деректері анықталған жағдайда, Әкімшілік кодексінің 364-бабымен жауапкершілікке тартылады. Сондықтан балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігі толық сақталуы үшін ата-ана, қоғам, тиісті мекеме қызметкерлері полицейлермен бірлесіп, алдын алу шараларын қабылдауы керек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Отбасы күніне жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебінде Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің № 229-19/02-05/721...

Сарыағаш ауданында үшем дүниеге келді

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Сарыағаш қаласының тұрғыны Бауыржан Манжанов пен...

2024 жылдан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат бөліне бастайды

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер мәселесіне қатысты түзетулерді қабылданып, құжат Сенатқа жолданды. «Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің...

Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан ВЕРОЦКАЯ: «Бүгінгі тренд – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту»

– Гүлжан Ералықызы, елімізде «Бала құқықтары туралы» заңнан өзге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 45-тен аса нормативтік-құқықтық актілер бар...

ТҮРКІСТАНДА ФУТБОЛДЫ ДАМЫТУҒА ХОРВАТИЯНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Түркістандық балалар Хорватияға барып, фу үйренеді. Өңірде балалар футболын дамытуға күш салынбақ. «Тұран» футбол академиясы құрылып, шетелден бапкерлер тартылған. Түркістан...

ШЫҰ мүше мемлекеттер өзара әріптестікті күшейту бағытында меморандумдарға қол қоюда

Ташкентте «ШЫҰ мүшелері-мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра» туристік форумының екінші күні басталды. Халықаралық туризм, Шанхай ынтымақтастық...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жалғасып жатыр

Түркістан облысында «Серпін» бағдарламасына құжат қабылдау жүріп жатыр. Ауыл түлектеріне арналған бағдарлама аясында 2023-2024 жылғы оқу жылдарына 3 653 грант...

Отырарда “Ұшқыр ой алаңы” ұйымдастырылды

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Дебат қозғалыстары» үйірме жетекшісі Амантай Бағдәулет "Ар-ұят және жауапкершілік" тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы»...

Түркістандық делегация Солтүстік Қазақстанда

Түркістандық жұмысшы топ бүгін күнгей өңірден Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданы Привольное ауылына қоныс аударғандардың жағдайымен танысты. Түлкібастық Нұрлыбек...

Тағы да