
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген Сарыағаш қаласының тұрғыны Бауыржан Манжанов пен Гульназ Лесбекованың отбасына арнайы барып, құттықтау сөздерін жеткізіп, сый-сияпаттарды тарту етті.
Наурыз айының тоғызы күні Гульназ Лесбекова: Марғұлан, Сафия, Самина атты үшем дүниеге әкелген болатын. Гульназ жұбайы Бауыржанмен бұған дейін отбасында 2 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 5 баланың ата-анасы атанды. Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы.
Ауданда соңғы үш жылда бала туу көрсеткіші артты. Бүгінде 70 мыңнан астам отбасы бар. Оның ішінде 19518-і — көпбалалы отбасылар. Ал 5500-ден астам ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері болса, 1-ші, 2-ші «Ана даңқымен» марапатталғандар саны — 264. Сондай-ақ 169 батыр анамыз бар. Отбасылық құндылықтарды сақтауға, балаларды тәрбиелеуге үлес қосып, көпке үлгі бола білген аналарға тілек-лебізімізді жеткізу үшін жиналдық. Сіздерге отбасылық бақыт пен дендеріңізге саулық тілеймін ,—деген аудан басшысы Арман Айдарұлы арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
