Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан ВЕРОЦКАЯ: «Бүгінгі тренд – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту»

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Гүлжан Ералықызы, елімізде «Бала құқықтары туралы» заңнан өзге балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын реттейтін 45-тен аса нормативтікқұқықтық актілер бар екен. Ата Заңымыздың 27-бабында «Неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» делінген. Мінеки, біз осыған қарап балаларымыздың өмірі мен құқығы заңмен қорғалған деп жүрміз. Шынтуайтында, солай ма?

– Жалпы алғанда, менің «Бала құқықтары туралы» заңға көңілім тола бермейді. Себебі, заңда баланың құқығына қатысты жалпылама түсінік берілгенімен, оларды қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылмаған. Мәселен, баланың кез келген жерде құқығы бұзылуы мүмкін. Мектепте, қоғамдық ортада, үйде дегендей… Заңда осының барлығы ашып көрсетілуі керек еді. Өкінішке қарай, заңда мұның бірі де қамтылмаған. Тіпті, оны бала түгілі ересек адамның қабылдауы қиын. Себебі, тілі ауыр.

Өзім психолог ретінде баланы қорғау дегенді оған жағдай жасау деп түсінемін. Бізде бір жаман жері балаға жағдай жасалмай тұрып, оны қорғау туралы әңгіме айтылады. Және бір көңілге қонымсыз мәселе, баланың құқығы бұзылғанда ғана соған кінәлі адамды жазалаумен айналысамыз. Бұл – себеппен емес, салдармен күресу. Мысалы, бала абайсызда өртке шалдықса, өртке жауапты мамандарды жазалайды. Ал, зардап шеккен баланың тұрмыстық жағдайы қандай еді? Ол жағына бас ауырта бермейміз. Егер баланың өмір сүру жағдайын алдын-ала анықтап, оларға қолайлы орта жасағанымызда, орын алып жатқан оқиғалардың соңы өкінішті жағдайларға ұрындырмас еді.

Оқуағарту министрлігіне қарасты Балалар құқықтарын қорғау комитетінің «Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенсек, сауалнамаға қатысқан балалардың 4,7 пайызы өздерінің құқықтарының жиі бұзылатынын мәлімдеген. Бала құқығы жиі бұзылатын өңірлердің қатарында біздің Түркістан облысы да бар

– Жалпы, заман тез өзгеріп жатыр. Көп адам заманның өзгерісіне ілесе алмауда. Жасырып қайтеміз, бүгінгі ата- аналардың көпшілігі балаға қандай тәрбие беру керектігін, тіпті, балалармен қалай сөйлесуді де білмейді. Себебі, олар басқа буынның, мүлде басқа қоғамның балалары еді. Ал, олардың балалары – тәуелсіз елдің ұрпағы. Бүгінгі балаға Кеңес Одағындағы тәрбие мүлде жат. Оның үстіне, БАҚ-тағы баланың құқығы, жаңаша тәрбие туралы толассыз ақпарат онсыз да ата-ананы дағдарысқа түсіруде. Әлбетте, ол ақпаратты балалар да қабылдайды. Жеке тәжірибемде ата- аналардың көбісін осы сұрақ мазалайтынын байқадым. Ата- аналар «балаға қалай дұрыс тәрбие береміз?» деп бас қатырады. Қаттылық танытсақ, бала өз қатарластарынан қорлық көріп, ынжық болып қала ма, жұмсақ болсақ, басыма шығып кете ме дегендей… Күнкөріс қамымен жүріп, бала тәрбиесіне мүлде уақыты жоқ ата- ана қаншама?! Шындығында, көп жағдайда балалар өздері өз беттерінше өсіп жатыр.

Бала құқығының жиі бұзылуы Түркістан облысында ғана емес, бұл – барлық өңірге тән жағдай. Облыстың алдыңғы лекте көрінуі өңірдегі бала санының көптігіне де байланысты. Өз басым бала құқығының бұзылуына қатысты жайттарды ашық айта бергенді қаламаймын. Себебі, баланың құқығы деген өте шетін мәселе. Оның үстіне, «облыста бала құқығы жиі бұзылады» деген өте жаңсақ пікір. Бұрын мұндай жағдай орын алған кезде құзырлы органдар мәселенің түп-тамырына үңіліп, себеп-салдарын анықтағаннан кейін ғана ресми ақпаратты шығаратын. Қазір интернеттің дамуына байланысты кез  келген жаға ұстатарлық оқиға орын алса, бірінші әлеуметтік желі шулайды. Соның салдарынан Қазақстанда күнде осындай жағдай болып жатқан сияқты әсер қалдырады. Бұл бір жағынан оқиға туралы алыпқашпа әңгімелердің көптеп таралуына да ықпал етеді. Өйткені, бүгінгі заманның негізгі тренді – көпшілікті барынша оқиғаға назар аударту.

– Бала тәрбиесіне елдің әлеуметтік жағдайы қаншалықты әсер етеді?

– Кез келген елдің әлеуметтік сипаты сол елдегі балалардың жағдайына үлкен әсер етеді. Қазір адамдардың көбі күнкөріс қамымен жүргендіктен, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланыс әлсіреп қалды. Баласы мектептен келсе, ата-анасы көбінесе «тағы не бүлдіріп келдің?», «Мұғалім не деді, ұрысты ма?» деп сұрайды. Оның орнына «бүгін мектепте қандай жақсы нәрсе болды?», «қандай білім алдың?», «достарың қалай?» деп сұрамайды. Ата-аналарда «бала бірдеңе бүлдіріп қоймасын» деген қорқыныш басым. Ата-анасы күнкөріс қамымен жүретін баланың сырласатын, ақыл-кеңес сұрайтын адамы болмайды. Солайша бала да бүкіл жағымды-жағымсыз нәрселерді ішіне жинай береді. Бұл мектепте немесе үйде болсын, қандай да бір кикілжіңнің туындауына түрткі болады.

– Бала бақытты болуы үшін ата-ана мен мемлекет не істеуі керек?

– Меніңше, бізде мектепте балаларды біріктіретін, жақсы адам болуға ұмтылдыратын идеология жетіспейді. Мәселен, кеңес өкіметі кезінде мектептерде октябряттар, пионерлер ұйымдары сынды идеологиялық құрылым болатын. Оқушылар үшін ол кезде пионер болып, қызыл галстук тағу мақтаныш еді, мәртебе еді. Сол үшін дұрыс жүріп-тұруға тырысатын. Мектеп баланы солай тәрбиелейтін. Сол себепті де, қоғамның санасында «баланы мектеп тәрбиелеу керек» деген түсінік қалып қойды. Қазір мектептерде сондай идеологиялық ұйымдар, әлеуметтік педагогтар, мамандар жетіспейді. Отбасылық психологтар, суицидті зерттейтін психолог мамандар керек.

Жалпы, бала тәрбиесіне қоғамның өзі жауапкершілік танытуы керек. Бізде біреудің баласы деген түсінік бар, содан арылуымыз қажет. Біз үнемі «Бала – біздің болашағымыз» деп ұрандатып жатамыз. Ал, сол болашағымыздың баянды болуы сіз бен бізге байланысты. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, балаларға үлгі болып, жол көрсету тек ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, әрбір ересек адамның парызы болуы керек.

– Баланың құқығы бұзылған жағдайда қайда хабарласқан жөн?

– Егер баланың құқығы мен мүддесі бұзылса, ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер бізден көмек сұрай алады. Біз баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қараймыз.

– Мерекеге орай балаларға қандай тілек айтар едіңіз?

– Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бүгінгі таңда елімізде балалардың алаңсыз білім алуына, балалық шағын бақытты өткізуге барлық жағдайлар жасалып жатыр. Мемлекет те бар жақсысын балаларға арнап, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне әрекет жасап келеді. Жас өрендер мен балдырғандарды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық болсын дегім келеді!

– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ

Жаңалықтар тізбесі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҚАЖЕТ»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мәжіліс өтті. Онда ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, құрылыс,...

Тұрғын үй мәселесі партия бақылауында

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Прокурор мекеме аралық жиын өткізді

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында уәкілетті органдармен...

Мұғалімдердің еңбекақысы қалай есептеледі?

Жақында Оқу-ағарту министрлігінің еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова биылдан бастап енгізілген 5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің...

Алматыдағы “Музей түні”

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осы мереке аясында әлемнің 150 елінде «Музей түні» акциясы өтеді. Сондай дүбірлі мереке...

Түлкібастық түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Естеріңізде болса осыдан 6 жыл бұрын елімізде алғашқы болып Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің мектепті бітіргендеріне...

ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында ардагерлерге құрмет көрсетілді

Сауран ауданында 1-қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай мерекелік жиын өтті. Іс-шараға аудандағы қариялар, еңбегімен ел есінде қалған зейнеткерлер...

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ АЛМАТЫДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 20 ТОННА ӨНІМ ЖӨНЕЛТТІ

Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Түркістан облысы бойынша 400 тоннадан астам көкөніс,...

Түркістанда іскерлік кездесу өтті

Түркістанға АҚШ-тың бас консулы келді. Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж Түркістанға кезекті рет жұмыс сапарымен келді....

Тағы да