
Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында футболдан 2009 жылы туылған жасөспірімдердің облыстық чемпионаты басталды.
Жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы барып, құттықтау сөз сөйлеп, барша футболшыларға сәттілік тіледі.
Облыстық турнир 1 маусымнан басталып, 6 маусымға дейін жалғасатын болады. Атаулы спорт сайысына өңіріміздің барша аудан-қалаларынан 10 команда қатысып, бақ сынайды. 2, 3, 4 маусым күндері топтық кездесулер ойындары өткізілсе, 5 маусым ширек финал, 6 маусым жартылай финал мен финалдық ойындарды өткізу жоспарланған.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
