
Балалар үшін жазғы демалыстың нағыз қызық уақыты басталды.
«Оқушылар үйі» МКҚК-нің балансындағы лагерьде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырады.
Осыған сәйкес, биылғы жылы екінші маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев маусымның ашылуына қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті.
— Жыл бойы білім азығын жинаған оқушылар үшін ең қызықты сәт жаз маусымы басталды.
Мектептегі ең әдемі мереке – жазғы демалыстың басталуы.
Бәріміз де оқушы болдық. Ұстаз тағылымын алдық. Мінеки, жаз мезгілі де келіп жетті. Қазір оқушылар оқу жылын аяқтап, жазғы демалысқа шықты.
Үш ай көлеміндегі демалыстарыңыз балалардың алаңсыз демалуына, серігуіне арналған уақыт. Бойларыңызға күш-қуат жинап, жаңа оқу жылына дайындаласыздар.
Бұл мезгілде олар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жазғы демалыс орындарына бару арқылы танымдық, тағылымдық тұрғыдан дами алады. Сондықтан, жаз мезгілінде осындай жазғы сауықтыру лагері балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түсуі тиіс.
Балаларды қолдау, білім мен тәрбиесін жетілдіру бағытында бар мүмкіндікті жасауымыз керек.
Бүгінгі салтанатты түрде ашылып отырған «Оқушылар үйінің» жазғы сауықтыру лагері осы мүмкіндіктердің бастауы деп білемін.
Демалыс уақыты босқа өтпесін, армандарыңыз орындалсын!
Мереке – барлық мектеп оқушылары үшін ең қызықты және көптен күткен уақыт. Баршаңызды осындай тамаша көңіл-күй мен ерекше сезім тілеймін! Дендеріңіз сау, үлкен азамат болып өсе берсін!
Жаңа таныстар сіз үшін жақсы, сенімді достарға айналсын!
Сіздерге керемет демалыс, жақсы жаз тілеймін!
Біз балдай тәтті балалықты есте қаларлықтай етіп өткізулеріңіз үшін, сіздерге қауіпсіз және жайлы демалуды қамтамасыз етеміз, — деді.
Маусымның ашылуына аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Г.Нұртанова қатысты.
Балалар ән-би өнерлерін көрсетіп, көпшілікке тамаша сезім мен ерекше көңіл сыйлады.
Айта кетелік, жазғы сауықтыру кезінде аудан бойынша 2512 баланы қабылдап, демалысын ұйымдастырады.
Демалыс орынның аумағы 77209 шаршы метрді құрайды. Сыртқы аумағы көгалдандырылған. Онда 1240 түп ағаш отырғызылған. 314 орындық 4 жатақхана корпусы бар. Әр жатақхана ғимаратында барлық жағдай жасалған.
Лагерьде футбол, волейбол жəне баскетбол алаңдары; жаттығулар кешені; əткеншектер; спорттық жəне мəдени шаралар өткізуге арналған сахна жəне жүзу бассейні бар.
Балалардың демалысын қызықты өткізуге бағдарлама жасалынған, сонымен қатар түрлі спорттық жарыстар, байқаулар мен кездесулер, танымдық ойындары жүргізілуде. Бір мезгілде 314 бала қабылданады. Балалардың жасы 7-мен 14 жас аралығы. Әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.
Биылғы жылдың жазғы маусымында 8 демалыс ауысымы қарастырылған.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
