Воскресенье, 19 апреля, 2026

Оқушыларға мамандық таңдауға бағдар берді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

11 сынып оқушылары үшін қазірден бастап жоғары оқу орындарын таңдау маңызды шешімдердің бірі. Осы орайда Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Айдын Түсіпжанов 11 сынып зияткерлерімен кездесіп, мотивациялық хат жазу ережелері мен отандық және шетелдік рейтингі жоғары университеттерге оқуға түсу жайлы маңызды нұсқаулық берді.

Директор өз сөзінде, мектептегі белсенділік, пән олимпиадаларына қатысу, ғылыми зерттеулермен айналысу, GPA, IELTS, SAT емтихандары бойынша нәтижелер жоғары оқу орындарына түсуге әсер ететін негізгі факторлар екенін атап өтті. Сонымен қатар, зияткерлерге жоғары оқу орындарының жаһандық, халықаралық рейтингтері мен түрлері, яғни академиялық, ғылыми беделін есептеу әдістемелерімен бөлісті.

Басқосуда талқыланған маңызды нұсқаулықтардың бірі жоғары оқу орнына түсу үшін мотивациялық эссе жазу мен дұрыс өңдеу және оны жазудағы жиі кездесетін 10 қателіктер жайлы айтылды.

«Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.  Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өмірлеріңнің бір кірпішін дұрыс қалауларыңа тілектеспін»,- деді мектеп басшысы.

Сөз соңында мектеп басшысы Айдын Елеусізұлы шетелдегі үздік университеттерге түсу үшін дұрыс жасалған құжаттар табыстың кепілі екенін айтты.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮЛКІБАСТА «Бір отбасы, бір кітап» атты отбасылық байқау ұйымдастырылды

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты "Түркібасы" жалпы орта мектеп кітапханасында кеше "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Бір отбасы -...

Биыл Түркістан облысының мектептері бейнебақылаумен және кәсіби күзетпен толық қамтылады

Биыл Түркістан облысындағы мектептер 100 пайыз бейнебақылаумен, және лицензиясы бар кәсіби күзет қызметімен қамтылады. Сонымен бірге бала саны 700-ден...

Гендерлік теңдік

Гендерлік теңсіздік – күрделі мәселе. Ол қоғамдық мінез-құлық, әлеуметтік институттар, нормалар мен тәжірибелер, ресми және дәстүрлі заңдар арқылы реттеледі....

Жастар — ел ертеңі

Бүгінде еліміздің экономикалық әлеуетінің барынша артып, халық тұрмысының күн санап жақсарып келе жатқаны баршаға аян.Мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30...

ДЕЛЕГАТЫ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВСТРЕТИЛИСЬ С ИНВЕСТОРАМИ В КИТАЕ

Делегация Туркестанской области во главе с управлением предпринимательства и промышленности, в составе акимов Сайрамского, Сауранского, Отырарского, Казыгуртского, Ордабасинского районов...

Жастар үшін ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

Кәсібің –нәсібің. Несібені көктен емес, еңбектен таба білетін  халқымыз жаңа заманда  кәсіпкерліктің қыр-сырын  жетік меңгеріп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей...

NY Vice — Smooth Steering

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Адам саудасы үшін сотталғандардың көбі әйел адамдар

Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр. Жыл сайын жүзге жуық іс қаралады, деп хабарлайды uly-alash.kz. Finprom.kz мәліметінше, бұрын Ресейге транзиттік ел болып...

Тағы да