Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: Арыстықтар 8 ұл-қызы бар мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жаны жайсаң Арыс халқы қайырымдылық жасап, қолдау көрсету қазақтың қанында ежелден бар қасиет екенін жақсы ұғынады.

Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әркез қолдау көрсетіліп жатыр. Кеше Арыста сондай игі шара тағы да жалғасты.

Атап айтқанда, арыстық қайырымды жандар «Қолғабыс» қайырымдылық қорының қамқорлығында тұрған 8 баланы асырап отқан Мырзақұловтар отбасына 4 бөлмелі баспана сыйлады. Баспана іші толық сырлау-әрлеу жұмыстары жүргізіліп, тұрмысқа қажетті барлық техникамен, жихаз-мүлікпен қамтамасыз етілген. Осылайша, жақсылыққа жұмылған арыстықтар жерлестеріне сыйлаған баспана санын төртке жеткізді.

Жақсы іске мұрындық болған М.Әуезов мектебін 2003 жылы бітірен 20 жылдық түлектері. Олар бес миллион теңге қаржы жинаған. «Игі істің басына – жақсы келер қасына» демекші, қайырымды жандардың қайырлы ісіне қала тұрғындары мен кәсіпкерлері де демеушілік танытып, жетпей тұрған қаржыны жинап берген. Сауапты іске «Қолғабыс» қайырымдылық қоры да атсалысты.

Осылайша, арыстықтар бірлік пен ынтымақтың арқасында жиналған қаржыға Мырзақұловтар отбасына баспана алып берді.

Көпбалалы ана қуаныш сәтте көз жасына ерік беріп, барша көмек қолын созған жандарға алғысын жаудырды.

– Бұл қуанышымды қалай жеткізерімді де білмеймін. Сіздерге аналық алғысым шексіз. Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеп қайтсын, – деді баспана иесі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «АLTYN KÚZ – 2023», «Қала күні» мерекелік іс-шаралары аясында Жетісай қаласындағы...

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа технологиялар...

АЛДАҒЫ САЙЛАУ – ЖАҢА ПАРЛАМЕНТТІ ЖАСАҚТАМАҚ

Баршамызға мәлім, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын...

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

Департамент басшысы мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексеріп, оқушылармен кездесті

ҚР ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов аптаның дүйсенбісін мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексерумен...

Оқушылардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдын алдын алу» тақырыбында жоғары 9, 10, 11...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын....

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕР ЕРЕКШЕ ТҮЙЕҚҰС ӨСІРУ ІСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

Дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде шағын және орта бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе, халық кәсіпкерлікпен...

Тағы да