
Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күн сайын балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жұмыстар атқаруда.
Акция аясында жергілікті полиция қызметі бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, аумақтық учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция тобының қызметкерлері бірлесе, аудан көлеміндегі барлық мектептерде мектеп оқушыларының жол-көлік оқиғаларына ұшырау деректерінің алдын алу мақсатында ата-аналармен, ұстаздармен және оқушылармен жол ережесін сақтау бойынша түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолда жүру мәдениетін қалыптастыру үшін жолдың белгіленген жерінен өту дағдысын қалыптастыруда.
Еске сала кетейік, «АБАЙЛАҢЫЗ — БАЛАЛАР» акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.
САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ
