Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ұстаз құрметке бөленді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін аудандық мәдениет үйінде ауданның құрметті азаматы, ардақты ана, асыл жар, аяулы әже ауданымыздың өсіп өркендеуіне мол үлес қосып жүрген

Мәрия Зәйтүнқызының мерейтойы аталып өтілді. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Қыдыр Сейітқұл, ауданның құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары ұстаздық етуден еш жалықпаған, бүгінде қоғамдық жұмыстарда қашанда белсенді болып жүрген мерейтой иесіне ақ тілегін айтып, алғысын білдірді:

— Құрметті Мәрия Зәйтүнқызы! Сіз көптеген парасатты да рухы биік шәкірттерді оқыттыңыз, қанат қақтырып самғаттыңыз. Қызмет барысында ұлтжанды ізбасарлар тәрбиелеп, елдің ықыласына бөленіп, шәкірттеріңізбен әріптестеріңіздің алдында абырой биігінен көрініп жүрсіз. Сізді осынау мерейлі жасыңызбен құттықтай отырып, абыройлы еңбегіңіздің зейнетін көруіңізге, ел құрметіне бөлене беруіңізге тілектестігімді білдіремін.

Мәрия Зәйтүнқызы 1943 жылы 9 мамырда Бәйдібек ауданындағы Алмалы ауылында өмірге келген. 1962 жылы орта мектепті бітіріп, алмалы 8 жылдық мектебінде пионер вожатый болып еңбек жолын бастаған.

1964 жылы мамыр айында ауданымызда жаңадан құрылған оқушылыр үйінің директоры болып қызмет атқарған.

1968 жылы Шымкен педагогикалық институтының тарих факультетін бітіріп,

1969 жылы бөржар ауылындағы Абай ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі болған. 1971-1975 жылдары Ақдала ауылында Саттар Ерубаев мектебінде, 1975 жылдары Амангелді орта мектебінде, 1986 жылы Ш.Уалиханов мектебінде тәрбие завучі, 1989 жылы директоры болып сайланған. 1993 жылы тұңғыш рет ауданымызда Ш.Уалиханов атындағы гимназия мектебін ашқан. Ауданның құрылуына 40 жыл толу мерекесіне орай Ордабасы ауданында тарихи-өлкетану мұражайын ашқан. Осы мұражайда 2005-2011 жылдар аралығында директор болып жұмыс жасаған. 2002 жылы зенеткерлік жасына жетіп, қосымша қоғамдық негізде «Әйелдер кеңесінің» төрайымы қызметін 2018 жылға дейін атқарып келген.

Ардагер ұстаздың кездесу кешінде замандастары сол жылдарда бастарынан өткерген қиындығы мен қызығы қатар жүрген естеліктерді айтып, сыр шертті.

Аудан өнерпаздары ән айтып, би билеп, кештің сәнін келтірді.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістандық парабишілер Республикалық өнер додасында алтын медаль иеленді

2023 жылдың 6-8 маусым аралығында Алматы облысы «Балдәурен» Қонаев РОСО-нда Ұлттық Дельфий комитеті Нұрсұлтан Назарбаев қорының «ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ» VI...

ЕЛІМІЗДІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл...

ТҮРКІСТАН: Келес ауданында ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысының Келес ауданында ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Біртілек...

ТҮРКІСТАН: Ардагерлердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды

Түркістанда ұрыс қимылдары мен апатты жерлерде әскери борышын өтеген азаматтардың ықпалымен құрылған қоғамдық бірлестіктерімен кездесу өтті. Кездесуді облыс әкімінің...

ТҮРКІСТАН: Оқушылар жазғы демалыстарында концерттік бағдарлама ұсынып, көпті тәнті етті

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін өңірде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, бүгін Түркістан қалалық саз мектебінің оқушылары жиналып, белсенді...

Lady Gaga and Cardi B Meet at the Grammys

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Кулинарные сцены Измира и Бодрума блестяще вошли в путеводитель MICHELIN 2024 по Стамбулу, Измиру, Бодруму

• Всего рекомендуется посетить 111 ресторанов, в том числе 15 в Измире и 19 в Бодруме. • 2 ресторана в Бодруме...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ШАРДАРА АРМСПОРТ» СПОРТ КЛУБЫНА АВТОКӨЛІК СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Шардара армспорт» спорт клубына барды. Бүгінде армрестлинг спортынан Шардарадан 102 әлем чемпионы шығып отыр....

Мақта сапасы мен өнім көлемін арттыруға күш салынады

Мақтаға қатысты мәселе шешілуі мүмкін. Мақта кластеріне инвестиция тартуға күш салынады. Түркістан облысында туындаған мақта бағасына қатысты мәселені шешу...

Тағы да