
Созақ аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова І. Кеңесбаев атындағы мектеп оқушыларымен бірлесіп «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты профилактикалық алдын алу шараларын өткізді.
Аталған шараға оқушылар және тәрбие ісі мен педагог-психолог мамандары қатысты.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу -бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет. Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға-тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде,біздер мейірімі мол,қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай,зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында.
Оқушыларға зорлық- зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету,
зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру және
жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында өткен түсіндірме жұмысы Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екені айтылды.
Шара барысында қатысушыларға Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы туралы кеңінен түсіндіріліп, кітапшалар, құқықтық кеңес орталықтарының номерлері көрсетілген жадынама парақтары таратылды. Оқушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, тиісті мамандар тарапынан жауаптар берілді.
