Воскресенье, 19 апреля, 2026

Татар қызы Дариха

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сауран ауданы түрлі тағдырмен киелі қазақ жеріне еріксіз жер аударылған және​ бұрыннан осында​ мекен еткен этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған.️ Ауданда 10-нан астам этнос өкілі тұрады. Олар ауданында өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі татар қызы Дариха Қасымова. Арғы ата-бабасы қиын- қыстау кезінде Шорнақ елді мекеніне келіп қоныстанған. Осында туылып, өсті. Қазақ азаматына тұрмысқа шықты. Қазақ отбасының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын үйренді.

-Шорнақ менің туған жерім. Ұлтым татар болғанымен жүрегім қазақ. Қазақ халқына алғысым шексіз. Екі қыз, бір ұлды өмірге әкелдім. Олардан немере сүйіп отырмын. Қолымда сексеннен асқан енем бар. Жолдасыммен тату-тәтті өмір сүрдік. Өкінішке орай ол өмірден өтті. Тіршілік легін ұл-қыздарыммен жалғап келемін,-дейді Дариха апай.

Дариха саусағынан өнер тамған ісмер. Қазақтың түрлі оюларын ойып, кимешек пен ұлттық нақыштағы балалар киімін тігеді. Сәнін келтіріп құрақ құрайды. Бұған дейін ол Түркістанның базарында қазақы нақыштағы шапандар сатқан. Тігіс тігуге ойламаған сәтте келдім дейді.

-Түсімде аппақ киім киген қарияны көрдім. Ол маған таңертең тұрып қолыңа ине-жіп алып тігіс тігесің деп аян берді. Сол түстен кейін мен қолыма ине алдым. Осы кәсіппен айналысып жатқаныма он жылдан астам уақыт болды. Қазақтың ұлттық оюларының әрқайсысының сыры көп. Шаршағанда, көңіл күйім болмағанда ою оямын. Дем береді. Ұлттық киімдерге, кимешекке тапсырыс қабылдаймын,-деді ісмер.

Біз сұқбаттасу үшін Дариха апайдың үйіне барғанымызда ол кезекті тапсырысын орындап отыр екен. Қызылорда облысының бір топ әжелері кимешек тапсырыс беріпті. -Кимешектің өлшемін қалай аласыз?- деген сұрағымызға Дариха апай: -Өлшем алмаймын. Құдайдың құдіреті тіккен бас киімдер тура келіп, бастарында тұра қалады. Жұмысыма сын айтылып, кері қайтарылған емес,- деді. Расында қолынан шыққан дүние көздің жауын алады. Әсіресе бүлдіршіндерге арнап тігілген ұлттық киімдердің әдемілігі бірінен бірі өтеді. Құралған құрақтың да артық, кемі жоқ. Дариха апайдың ұлы да темірден түйін түйген шебер. Дәнекерлеуші. Күйеу балалары мен қыздары да ісмерліктен алыс емес. Қасымбековтер отбасын ауыл, аймақ «алтын қолды, шебер отбасы» деп атайды. Татар қызының ісмерлігі бізді тәнті етті. Қазақтың оюын ойып, құрағын құрап, салт санамыздың дамуына өзіндік үлесін қосқан Дариха апайға тілеулес болып қайттық.

Бірлігі жарасқан елдің, тірлігі өнімді. Қариясының бергені бата, ақ жаулықты анасының тілеуі ел тыныштығы. Жастары иіліп елге еңбек етіп, ауданның дамуына өзіндік үлестерін қосып жатыр. Мұның барлығы «Достық мекеніндегі» «Бірлік» дейтін елде болып жатыр.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Rain Sword — Summer Breeze

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» медицина қызметкерлеріне сый жасады

Тұңғыш Президент күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі медицина қызметкерлеріне сый жасады. Тұңғыш Президент күнінің...

«Зейінді бала» зияткерлік сайысына 110 оқушы қатысты

Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы мектеп директорының бастамасымен өткізілген «Талапты ұстаз, талантты шәкірт»...

Жастар- қайырымдылық жасауда белсенділік танытып келеді.

Иә, жастық шақтағы уақытты тиімді пайдалану – маңызды іс. Облыс көлемінде көптеген жастар ұйымдары жұмыс атқаруда. Әр өңірдің жастары...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 37 КӨШЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында шағынаудандар мен шалғайдағы елдімекен көшелерін орташа жөндеу, шағал тас төсеу жұмыстары атқарылуда. 2021 жылы аудан аумағындағы...

«Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың аяқталғанын білдіреді»- Психологтың пікірі

Жазғы демалыстан кейін еліміздегі дағдарыс орталықтары күйеулерінен қорған іздеген әйелдерді қабылдауға дайындалып жатыр. Айта кетйік, Қызылорда облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың...

Түркістанға жастарға берері мол қойылым болды

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА «МАҒЖАН» СПЕКТАКЛІ қойылды. Алаштың біртуар қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірін бейнелеген сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Түркістан...

Қайырымдылық –жастарға  ортақ міндет

Бүгінгі таңда жастар арасында қайырымдылық бастамаларын қолға алғандардың қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Дана қазақ қашанда игі істерді...

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

Тағы да