ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА «МАҒЖАН» СПЕКТАКЛІ қойылды.

Алаштың біртуар қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмірін бейнелеген сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Түркістан музыкалық драма театрында сахналанған шығарманың авторы жас драматург Алмас Нүсіп. Спектакль Мағжан өмірінің Кеңес үкіметімен арпалысын және жеке өмірін көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев-халықты өнер білімге шақырды. Ағартушылық және ұлт-азаттық бағытты ұстанған ақынның өмірі қым-қуат тайталасқа толы болды. Мағжан спектаклін сахнаға шығару идеясын театрдың көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова қолға алған.
Мағжан ұлтқа адал қызмет етті. Қазақ даласын жайлаған аштыққа қабырғасы қайыса отырып қарсы шықты. Елінің шексіз азап шегуіне өмірін бәске тіге отырып күресті. Сондықтан басты рольді сомдауға елімізге танымал әртіс Еркебұлан Дайыров шақыртылды.
Мен жастарға сенемін деп жырлаған Мағжан жайлы шығарманың авторы да жас драматург Алмас Нүсіп .Сонымен қатар рольдерде ойнаған әртістердің басым көпшілігі жас актерлар.
Түркістан ертүріктің бесігі ғой деп жырлаған Мағжан спектаклінің де алғаш рет Түркістанда қойылуында үлкен мән бар. Мағжанның арманы бүгінде жүзеге асып келеді. Қазір Түркістан бүкіл түркі әлемінің мәдени астанасы. Қойылымға келген елімізге танымал әртістер Асанаәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов театрдың тың туындысына оң бағасын берді.
