Вторник, 21 апреля, 2026

Түлкібас ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдерді  қабылдау басталды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстандық отбасының өнегелі құндылықтарын санаға сіңіру, отбасы институтын нығайту және мәртебесін арттыру, жауапты ерлі-зайыптылықтық маңызын таныту мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына іріктеу басталғандығын хабарлаймыз. Үміткерлерді тіркеу 2021 жылдың 10 маусымына дейін Түлкібас ауданы әкімінің аппараты, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201, аудандық ішкі саясат бөлімі №210 кабинетте жүргізіледі. Байланыс телефондары (8-725-38) 79-431, (8-725-38) 79-432.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу

ҚАҒИДАЛАРЫ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

  1. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
  2. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
  3. Мыналар:

1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса;

5) балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

  1. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  2. Аудандық комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Жаңалықтар тізбесі

1 шілдеден бастап екі бірдей әлеуметтік жәрдемақының көлемі 14,5 пайыз өседі

1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы 14,5 пайыз өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты...

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Мейірімділік пен қамқорлық жүректен. Ал қайрымдылықтың ең абзалы шын мұқтаж жандардың қажетін өтеу болып табылады. Дархан пейілді қазақ халқы...

Шардара: Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәжіліс өтті

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудан...

Сайрамда көп балалы аналар ардақталды

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурыздағы Жарлығына сәйкес 91 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары...

ТҮРКІСТАН: «TURAN JASTARY» ФОРУМЫНДА  ОБЛЫС ЖАСТАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ.

Өткен аптаның демалыс күндері, 25-26 қарашада Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырыс беруімен "ЖАЛЫН" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Turan zhastary”...

Отырарда оқушыларды психологиялық қолдау бойынша ақпараттық семинар өтті

Отырар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес Ә.Байтанаев негізгі білім беру мектебінде "2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде оқушыларды...

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ УСТАНОВЛЕНА МЕМОРИАЛЬНАЯ ДОСКА КЕНЕСАРЫ КАСЫМУЛЫ

На центральной площади села Карнак города Кентау установлена памятная табличка, посвященная Кенесары Касымулы - последнему хану в истории Казахстана. В...

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 мыңға жуық адам газбен қамтылатын болды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барған сәтінде осындай...

Тағы да