Воскресенье, 19 апреля, 2026

ЖАҢА САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ – ЕЛДІҢ МҮДДЕСІ ҮШІН ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ҚАДАМ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Соңғы бір жыл ішінде еліміз сан түрлі оқиғаларды, саяси үдерістерді басынан кешті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа, Әділетті Қазақстанның» іргесін қалау туралы бастамасы жеміс беріп келеді.

Өткен жылғы басты саяси оқиғаның бірі — Жалпыхалықтық референдумда халық өз таңдауын жасап, Конституциямыз ел қалаған өзгерістер негізінде реформалануда.

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жариялап, ел күткен маңызды өзгерістерге тоқталды. Референдум негізінде қабылданған жаңа заң жобасының талаптарына сәйкес алдағы наурыз айының 19 жұлдызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен қазіргі Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттілігі тоқтатылды. Халық игілігін көксеген жаңа заң жобасының қағидасын ескере отырып, Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланса, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары да аралас жүйе арқылы мандатқа ие болады. Бұл – ел пікірінің ескеріліп, жалпыға бірдей таңдау мүмкіндігін туғызған тамаша шешім екені даусыз. Бұдан бөлек, өкілді билікке түрлі көзқарастағы, халықтық мүддені биік қоятын азаматтар келіп, азаматтық қоғамның дамуына жол ашпақ.

Сондай-ақ, бұл бастамалардың Президенттің өкілеттіліктерін күшейтуге емес, ықпалды Парламент құру арқылы қоғам үнін ескеретін Үкіметті қалыптастырудың алғышарты екені айдан анық. Қалай десек те алдағы өзгерістер ел тарихындағы аса жауапты, маңызды кезең болары анық. Сөз жүзіндегі емес, халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақыт қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу арқылы жаңа белеске қадам басатын «Жаңа Қазақстанның» болашағы үшін әрбіріміз алдағы саяси науқандарда белсенділік танытып, қатысып, өз пікірімізді білдірейік. Бұл — біздің азаматтық, осы елдің ертеңіне алаңдайтын перзенті ретіндегі борышымыз.

Сәуле ДӘУЛЕТАЛИНА,
«Медина» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Жаңалықтар тізбесі

Елін сүйген азамат

Жұлдыз жақта жағдайы нашар отбасылар көптеп шоғырланған. Үнемі телеарна журналистерінен көмек сұрап жатады. "Бір түсіріп кетсеңіз, елдің назары ауып,...

Мектепалды даярлық педагогтеріне арналған аудандық әдістемелік оқыту семинары өтті

Шардара ауданына қарасты «Шардара» мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін мектептерде «Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың тәсілдерін тиімді пайдалану» тақырыбында...

Түркістанның экономикасы мен әлеуеті әлденіп келеді

Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптас­тыры­лып, құны 26,9 млрд теңге бо­ла­тын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қа­ла...

Не істеу керек?

Отбасылық зорлық-зомбылық Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейі жылдан-жылға көбейіп келеді. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қабылданып жатқан шараларға қарамастан,...

Ордабасы ауданында қыш зауыты іске қосылды.

Ордабасыда қыш зауыты іске қосылды. Ордабасы ауданында жаңа қыш зауыты іске қосылды. Халқы еңбекқор аудан тағы бір кәсіпорынмен толықты....

Адам саудасы алаңдатады

Туғанынан тірідей айырған тағдырына көніп, құлдықтың қамытын киген жәбірленушілердің құқығын қорғау маңызды. Мәселен, пандемия кезінде адам саудасы бойынша тіркелген...

Қолынан орағы, аузынан батасы түспейтін қария

Бір ғасыр ішінде ұлт тарихындағы қаншама оқиғаға куә болған қарттарымыздың жүріп өткен жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Ордабасы ауданының Шұбар...

Нотариустардың қызметіндегі талдау нәтижелері туралы

Бас прокуратура нотариустардың соңғы үш жылда атқарушылық жазбаларды жазып беру кезінде заңдылықты сақтауына талдау жүргізді. Атқарушылық жазба институты 2016 жылдан бастап іске...

ТҮРКІСТАН: Арыстық оқушы әлемнің үздік 21 университетінен шақырту алды

Арыс қаласының 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемге әйгілі 21 жоғарғы оқу орны өз гранттарын ұсынған. Олардың қатарында Case...

Тағы да