Воскресенье, 19 апреля, 2026

МӘСІМОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ҰҚК ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ТАСТАП КЕТКЕН

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметі басшыларының әлсіздігі жеке құрамның рухын түсірді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті.
«Аумақтық күштік органдар басшыларының билікті асыра пайдалануы туралы фактілерге жеке тоқталғым келеді. Жаппай тәртіпсіздіктер шегіне жеткен кезде Алматы қаласы, Алматы облысы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамының барлығы өз ғимараттарын тастап кеткен», — деді Б.Асылов.
Тергеу мәліметі бойынша 5 қаңтарда жеке құрамның ғимараттан кетуге дайындалуы керектігі жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Садықұловтың нұсқау келіп түскен.
«Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Сондай-ақ басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының Полиция департаменттері өз ғимараттарын тастап кеткен. Турасын айтқанда, осы басшылар әлсіздік танытты. Бұл өз кезегінде жеке құрамның рухын түсірді. Соның салдарынан тәртіпсіздіктің жолын кесу бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған», — деді Бас прокурор.
Осы орайда ол Алматы мен Талдықорған 2 күн бойы қарулы содырлардың билігінде болғанын айтты. Олар қару-жарақтың үлкен арсеналы – 3 мыңға жуық автомат, пистолет, снайперлік винтовка және он мыңдай оқ-дәріні тонап кетті. Яғни, осы басшылардың кесірінен ең қауіпті атыс қарулары бүлікшілердің қолына түсті. Әлі күнге дейін 2 мыңға жуық қарудың қайда екені белгісіз. Арнайы прокурорлар билікті асыра пайдаланудың осы фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 3 аумақтық департаментінің экс-басшылары, Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы және басқа адамдарға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды. Қазір сот талқылауы болып жатыр. Олардың кінәсінің дәрежесі мен жаза түрін сот анықтайды», — деді Б. Асылов.
Оның сөзіне қарағанда, Жамбыл облысы Полиция департаментінің экс-бастығына қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Жаңалықтар тізбесі

ҚАЗАҚСТАН-ФРАНЦИЯ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

    Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы екі ел арасындағы ғылыми және білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталды. ЖОО...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағадарламалар бөлімінің жанынан Әлеуметтік психологиялық сүйеумелдеу бөлімшесі іске қосылған болатын....

Жастар саясатының игілігі мол.

Ел болашағының негізгі тірегінің бірі және бастысы болса, ол жастар екені күмәнсіз. Сондықтан жастар мәселесі әр кез жүйелеп отыруға...

Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен жиын өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша...

Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты ұстаздардың еңбегі.

Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтауда...

ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушылар жазғы демалыстағы сайыстарда шеберліктерін шыңдады

Мақтаарал ауданында балалардың жазғы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қызықты іс-шаралар өтікізіліп жатыр. Осы орайда, ауданда «Ағам, әпкем және...

Аудан әкімі «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтады

Бүгін ауданымызға қарасты барлық білім ордаларында «1-маусым балаларды қорғау күніне» және оқу жылының аяқталуына орайластырылған соңғы қоңырау шарасы жоғарғы...

ТҮРКІСТАН: Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр

Сарыағаш ауданында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты ұранымен оқушылардың жазғы демалысы аясында «Балдәурен» лагеріндегі демалушы оқушылар арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазығұрт ауданындағы 62 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде 38 елді мекенінде 24 сағат ауыз су...

Тағы да