Воскресенье, 19 апреля, 2026

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАП, БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға, мамандарға жолдарды қардан тазалап, елді мекендердегі электр желілерін жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тұрғындармен, ел ағаларымен кездесіп, қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндап берді.
– Облыс аумағында қалың қар мен жел және боран салдарынан бірнеше ауданда күрделі жағдай қалыптасқанын білесіздер. Бұл мәселе бақылауда тұр. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті, электр қуатына жауапты «ОңтүстікЖарықТранзит» мекемесінің басшылығы мен мамандары келіп отыр. Елді мекендегі электр желілері жедел жөнделіп, елге электр қуаты беріледі , – деді Дархан Сатыбалды.
Ел ақсақалдары ауылдарға электр жарығын ертерек беріп, жұмысты жедел атқару жөнінде өтініштерін айтып, елдің қасынан табыла білген аймақ басшысына ризашылықтарын білдірді.
Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Созақ, Отырар, Қазығұрт, Сауран, Бәйдібек аудандарында электр желілері үзілген болатын. Бірқатар аймақта ол қалпына келтіріліп үлгерді, жұмыс әлі де жалғасуда. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан 37 бригада, 41 бірлік техника тартылған. Жұмыстарды жеделдету мақсатында қосымша бригадалар жасақталып жатыр.
Жаңа жыл басында Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асып, қалың қар түскен болатын. Таулы аудандардағы республикалық маңызы бар жолдар жабылып, бірқатар елді мекенде электр желілері істен шықты. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынды. Облыстық әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, ішкі істер департаментінің өкілдері, «Оңтүстікжарық» энергетиктері, «Қазавтожол» техникалары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, 24/7 режимде жұмыс істеп жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Ордабсылық оқушы «Ғарыштық аппарат және ракета тасымалдаушылар» тақырыбында зерттеу жүргізді

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты "Зерде" жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Басимбекова Жаңыл ұстазы, физика пәні мұғалімі...

Балалар қауіпсіздігі бірінші кезекке қойылады

Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов, аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев, округтен сайланған депутаттар және тиісті мекеме басшыларымен бірге жиырма бес мыңға...

ТҮРКІСТАН: Ордабасылық көпбалалы ана кәдесыйды кәсіп еткен

Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылының тұрғыны Гүлшат Ақмұрзаева жеке кәсібін дөңгелетіп отырған көпбалалы ана. Жеті баланың тәрбиесімен бірге кәсіпкерлікті қатар...

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ 250-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Түркістан облысы Полиция департаменті жаңа көліктермен толықты. Шаһардағы тікұшақ алаңында өткен салтанатты шараға облыс...

Түркістанда тұғырлы мереке тойланды

Республика күнінде Түркістанда көк ту желбіреді. 25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті....

Түрленген Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды

Түркістанда жаңа ХҚКО ашылды.Бұл жағдай қала тұрғындарының өтініші негізінде жүзеге асты.Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков халықпен кездесуде тұрғындар  құжат алу...

Қазыналы қарттарды құттықтады

Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел»,- дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет,...

Жасампаз жастар — жарқын болашақ!

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге...

«ІІІ Ыбырай жазулары» байқауы

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «ІІІ ЫБЫРАЙ ЖАЗУЛАРЫ» тақырыбындағы дәстүрлі облыстық жазба жұмыстары байқауы басталды. Байқау мақсаты: педагогтер...

Тағы да