Понедельник, 20 апреля, 2026

Арыс өңірінде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келеді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Дермене ауылының іргесіндегі Арыс өзенінің жиегінде жұмыс істей бастаған «DERMENE AGRO GROUP» ЖШС-нің жұмыс-жайымен танысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова өңірде балық өсіру шаруашылығы өркендеп келе жатқанын айтты. Ені – 7, ұзындығы – 26, ал тереңдігі – 2 метр болатын 6 су бассейінінде 30 мыңнан астам сазан тұқымдас шабақ өсіріп отырған дерменелік кәсіпкер Мақсат Тоқболаев 3 жылдан бері осы кәсіпке ден қойған. 5-6 айдан кейін өз өнімін нарыққа шығаратын ол жергілікті үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Бас-аяғы 40 миллион теңге қаржысын туған жеріне инвестиция ретінде құйған азамат аталған нысанға соңғы шабақты салу шарасына қала әкімін арнайы шақырған. Өйткені, кәсібінің дөңгелеуіне белгілі бір деңгейде жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмек-кеңестер алып отырады. «Осылайша, өзара ынтымақтаса отырып, ел экономикасын жақсартып, тұрмыс-тіршілігімізді түзейміз деген сенімдемін», – дейді кәсіпкер Мақсат Рахымжанұлы. Ал қала әкімі Гүлжан Мамытқызы соңғы уақытта Арыс өңірінде балық өсіру саласы кең өріс алып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тәжірибелік тұрғыда және өзге де бағыттарда кәсіпкерлерге жергілікті әкімдік тарапынан тиісті деңгейде көмектер ұйымдастырылуда. Осы күнгі салмағы орташа есеппен 72 граммды құрайтын шабақ сәтін салса 5-6 айдан соң, 2-2,5 килограммға дейін өсіп, жетіледі. Ал оны өткізу жағы қазірдің өзінде шешілген. Алматы қаласындағы балық тарату нарығының 70-80 пайызын қамтамасыз етететін бір компания дерменелік балықтың килограммын 2-2,5 мың теңге шамасында сатып алатын болып ұсыныс білдіріп отыр. Жақын күндері кәсіпкер су астын оттегімен қамтамасыз ететін арнайы аэроаторлар орнатсақ дейді. «Өйткені, қыс мезгілінде су бетіне мұз қатып, судың құрамындағы оттегі төмендеуі мүмкін. Оның үстіне ауа темпаретурасы +10 градустан төмен түскен жағдайда балық ұйқыға кетіп, қозғалысы баяулайды. Ол кезде оның өсу процесі де қарқынды болмайды», – дейді Мақсат Рахымжанұлы. Бүгінде кәсіпкер бассейін аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тікелей телефоннан бақылау жүргізетін бейнебақылау камераларын орнатқан. Озық технологияны оңай меңгеруді мақсат еткен кәсіпкер келешекте балық бассейінін кеңейтумен қатар, уылдырық алу мен дернәсілдерді шабақ күйіне дейін өсіруді де қолға алуды көздеп отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңалықтар тізбесі

Отырарда “Ұшқыр ой алаңы” ұйымдастырылды

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Дебат қозғалыстары» үйірме жетекшісі Амантай Бағдәулет "Ар-ұят және жауапкершілік" тақырыбында «Ұшқыр ой алаңы»...

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Динара Закиева қабылданған шаралар туралы айтты

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің...

Әжелер барда салт-дәстүр ұмытылмайды

Арыста 15 мамыр – Отбасы күні қарсаңында «Ұлтымыздың балқаймағы – әжелер» атты танымдық семинар өтті. С.Сейфуллин мектебінде өткен рухани шараға...

СОЗАҚТА «АТОМШЫЛАР АЛЕЯСЫ», «STREET WORKOUT» ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Созақ ауданы, Таукент кентінде «Kazatomprom-SaUran» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қолдауымен салынған төрт балалар ойын алаңшасы, «Атомшылар алеясы» және «Street workout»...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ЖЫЛЫНА 12 МЫҢ ДАНА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

Кентау трансформатор зауытында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытына барды....

САЙРАМ: Әжелер мектебі ашылды

Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №74 жалпы білім беретін мектебінде Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығын ұйымдастыру мақсатында "Асыл...

Қала аумағында 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалынды

Қала аумағында 165 аялдама мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы етіп жасалынды Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер...

Түркістандық парабишілер Республикалық өнер додасында алтын медаль иеленді

2023 жылдың 6-8 маусым аралығында Алматы облысы «Балдәурен» Қонаев РОСО-нда Ұлттық Дельфий комитеті Нұрсұлтан Назарбаев қорының «ЖЕҢІСТЕРГЕ БІРГЕ» VI...

БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТІЗГІНІНДЕ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да