Понедельник, 20 апреля, 2026

Президенттік жастар резерві – ел ертеңінің кепілі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жастық шақ. Бұл – адам баласының ересек өмірге көшу кезеңі, экономикалық-қаржылық тәуелсіздікке ұмтылу мен әлеуметтік-саяси мәселелерге қатысуға барынша ынталы дәуірі. Мұндай ынта жеке адам мен қоғам үшін ғана маңызды емес, сол елдің дамуы мен елдегі жастар саясатын қалыптастыруда да өзекті. Ел ертеңі мен ұлт тағдырына қатысты сондай басым бағыттардың бірі – елдің ертеңгі егесі, ұлттың болашағы, мемлекеттің арқа сүйер тірегі жастарды қолдау ­саясаты. Президент Қ.Тоқаев өз қызметіне кіріскелі бері елдегі жас буынға ерекше көңіл бөлді. Елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ­ынталандыру іс-шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі көрсетуі мен өз армандарын жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде кешенді саясат жасала бастады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде жастардың тағдыры мен болашағына елдегі белгілі әлеуметтік топ ретінде ғана емес, оларға елдің болашағы, ұлттың тағдыры, елдің ертеңгі егесі ретінде қарап, саналы және стратегиялық тұрғыдан ерекше мән беріп отырғанын аңғару қиын емес. «Жастар саясатында, жастар тәр­биесінде науқаншылдыққа, тиімділігі төмен шараларды ұйым­дастыруға жол бермеу керек. Сондықтан кез келген шараны ғылыми негізге сүйеніп, жүйелі түрде жү­зеге асырғанымыз жөн. Жастардың алға қойған мақсат-мүдделерін білу үшін науқаншылдық емес, нақты зерттеулер қажет. Жүйелі әрі кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы жастардың мұң-мұқтажын, мақсат-мүдделерін анықтап, жастар саясатын сол қажеттіліктерге жауап беретін деңгейде ұйымдастыру маңызды. Біз жастарға білім беруді алдыңғы қатарға қоямыз. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісін де басты ­назарда ұстау керек» деген жолдар сөзімізге дәлел. Жастар саясатын науқаншылдыққа, жеңіл-желпі шоуға айналдырмай, зерделеп барып жүргізуді ­талап етуі оның жастар жөніндегі тұғырнамасының саяси салмағын аңғартса керек.

Президент Қ.Тоқаев жастар саясаты туралы әсте құр сөзбен шектеліп қалған жоқ. 2019 жылдың 12 маусымы күні сайланғанына аса көп уақыт бола қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы жастардың президенттік кадрлық резерві жасақталатыны туралы: «Жас ұрпаққа арнайы айтатын сөзім бар. Сіздер Қазақ­станның даму жолында шешуші рөл атқарасыздар. Прогрестің қозғаушы күші боласыздар. Сіздер ең үлкен армандарыңызды іске асыруларыңыз қажет. Оған қолдау көрсету – менің басты міндетім. Жас әрі дарынды басшыларды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейінде жоғарылату мақсатында президенттік кадрлық резерв жасақталады. Біздің жастарымыз еңбекқор, креативті, өз мақсатына жетуді біледі. Сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда» деп мәлімдеді. Аталған ой-жоспарын жыл айналмай жүзеге асырған Мемлекет басшысы 2020 жылдың 15 қаң­тары күні Ақордада президенттік кадр резервіне енген 300 жаспен кездескен болатын.

Прези­­­денттік жастар кадр резер­віне тір­кеу жұмысы өткен жылы қыркүйек айында басталған еді. Жобаның стратегия­лық мақсаты – тиімді менеджерлердің жаңа толқынын қалып­тастыру, еліміздің жаңа буыны үшін пәрменді әлеумет­тік лифті­лер жүйесін құру. Ірік­теу нәтиже­лері бойынша пулға жаңа фор­ма­цияның басқарушы­лары болуға қабілетті, талантты, креативті жастар таңдалып алынған.

Президент бастамасына алға­шында 13 мыңнан астам қазақ­стандық қатысуға ниет білдірген. Бұның өзі біздің жастарымыздың Президент бастамасына деген қолдауы мен саяси белсенділіктерінің айқын дәлелі. Қатысушыларға отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан азаматы болуы тиіс деген талаптар қойылған.

 «Еліміздің алдында биік мақсаттар тұр. Ең алдымен, мемлекетімізді одан әрі өркендетіп, тәуел­сіздігімізді нығайтуымыз керек. Сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуымыз қажет. Билік пен халық арасындағы өзара сенімді күшейту – маңызды міндет.Осыған орай «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұжырымдамасы қолға алынды. Мемлекетті басқару жүйесін жаңғырту мақ­сатымен ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Мұның бәрі жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның игілігі үшін ­жасалып отыр».

Жаңалықтар тізбесі

Адам саудасы табыс көзіне айналып барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан жасақталған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде қоғамды алаңдатқан адам саудасына айрықша тоқталып, Үкіметке бірқатар...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 66 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕНІП, ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Түлкібас ауданының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша консалтинг, жобаларды жасау және сүйемелдеу және құжаттарды рәсімдеу...

ТҮРКІСТАН: Көпбалалы аналар да кәсібін дөңгелете алады

Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны,...

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есилбекпен бірге «Nur Otan»...

Тұрғын атаның тақиясы

Ауылдың келбеті кісі танымастай өзгерді. Алдымен жарқырап үлкен мектеп түсті. Іші тап-тұйнақтай, едені жып-жылтыр, есік-терезесі жап-жаңа. Кісі кірсе шыққысыз....

Жүздеген мың бүлдіршіннің өмірін құтқарған қайырымдылық қор

  Бірнеше жылдардан бері «Шеврон» компаниясы еліміздің ауқымды «Аяла» қайырымдылық жобасымен жемісті жобаларды жүзеге асырып келеді.«Шеврон» корпорациясы әлемнің жетекші біріктірілген...

ТҮРКІСТАН: Созақтық ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті

Созақ ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ардагерлер...

Тәуелсіздігіміз орда бұзар жасқа толды

  Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

САЙРАМ: Мереке күні балаларға қуаныш сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қарамұрт ауылдық округінде жаңадан салынған мектептің ауласында іс-шара өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Б.Хасанов,...

Тағы да