Воскресенье, 19 апреля, 2026

Адам саудасы табыс көзіне айналып барады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан жасақталған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде қоғамды алаңдатқан адам саудасына айрықша тоқталып, Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. «Құқық қорғау саласындағы тағы бір күрделі мәселе – адам саудасы. Бұған тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдау қажет. Онда әлемдік тәжірибемен қатар ұлттық мүдделеріміз де ескерілуі керек. Мұндай заң адам саудасының құрбанына айналған азаматтарды қорғау мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл үдемелі көші-қонның жаһандық және аймақтық процестері жағдайында өте өзекті» деген еді.

Бүгінгі таңда адам саудасы әлемдегі көптеген елдердің бірігіп күресетін ортақ проблемасына айналып тұр. Алғаш рет бұл мәселені ХХ ғасырдың басында құқық қорғаушылар көтергені белгілі. Сол уақытта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрленген Ұлыбританиядан шықкан әйелдерге Еуропада ерекше көңіл аударылатын. Сол кезде «ақ құлдық» дейтін термин пайда болып, кейін ол «адам саудасы» деген терминге өзгертілді. Өзінің мәні жағынан «адам трафигі» («адам саудасы») ұғымы құл саудасы түсінігіне жақынырақ келеді. Қазіргі таңда «адам трафигі», яғни «адам саудасы» ұғымының толық анықтамасы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресу жөніндегі Конвенциясын толықтыратын «Адам, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу жөніндегі» хаттамада «Адам саудасы адамды пайдалану мақсатында мыналарды жүзеге асыру болып табылады: басқа жаққа асырып жіберу, алып кету, біреуге беру, жасыру немесе күшпен қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің басқа формаларын қолдану жолымен адамдарды алып кету, ұрлап кету, алаяқтық жасау, алдап-арбау, билікті немесе қызмет орнына байланысты тәуелділікті асыра пайдалану, екінші адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлем немесе пайда табу түрінде сатып алу жолымен» деп тұжырымдалған.

Әлемде адам саудасына қатысты қабылданған халықаралық маңызға ие бірқатар құжаттар бар. Тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндігін қорғауға байланысты 1948 жылы қабылданған Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы, 1950 жылы қабылданған Адам құқықтары мен негізгі еркіндігін қорғау жөніндегі Еуропа Конвенциясы, 1966 жылы қабылданған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактылар – осының айғағы. Елімізде де адам саудасы жыл өткен сайын артып келеді. Оның негізгі құрбандары да халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған ең осал бөлігі.

Қай жерде болмасын, мемлекет өзінің әрбір азаматының қауіпсіздігіне жауапты. Және оған кепілдік береді. Қазақстан да адам саудасымен күресетін бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған. Солардың бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылдың 10 желтоқсанында қабылдаған «Адам құқықтарының жалпы декларациясы». Оның 4-бабында «Ешкім құлдықта немесе еріксіз жағдайда ұсталуы тиіс емес; құлдықтың және жұмысшы сатудың барлық түріне рұқсат жоқ» делінген. Қазақстанда негізінен әйелді ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты мәселелер зерттелгенімен, адам саудасына қатысты іргелі зерттеулер жүргізілген жоқ. Шынайы статистикалық мәліметтер болмағандықтан, республикадағы жағдайдың қандай екендігін тап басып айту қиын. Бұл бізде адам саудасына қатысты жұмыстың іс жүзінде әлі де болса дұрыс жолға қойылмағандығын көрсетеді.

2022 жылдың шілде айында Қазақстан омбудсмені Орталық коммуникациялар қызметінде өткен басқосуда Қазақстанда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселесі ашық күйінде қалып отырғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда адам саудасы, соның ішінде балаларды саудалағаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

– Біз бұл құбылысты қоғам үшін қауіпті деп айтамыз, өйткені, іс жүзінде бұл қылмыс адамның бірқатар құқықтарына әсер етеді. Өкінішке қарай, адамдар мұндай жағдайларға өз еркімен ғана емес, өз келісімімен де түседі. Көбінесе олар жұмыспен қамтудың қиындығына, күмәнді әрі күдікті еңбек жағдайларына келісіп, құқық бұзушылықтарға өздері барады, – дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Омбудсменнің пікірінше, бұл жерде басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алдын алу, ескерту, талдау жұмысы маңызды. Бұл жұмыс қылмыстарды анықтауға және жазалауға ғана емес, сонымен бірге елдің әлеуметтік саясатымен де байланысты болуы керек. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты 100-ге жуық сотқа дейінгі тергеу істері тіркеледі екен.

Биылғы ақпан айында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Алуа Надирқұлова USAID «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» жобасының жетекшісі Элеонора Валентайнмен кездесіп, көші-қонға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Омбудсмен кеңсесінің өкілі жоба жетекшісіне елдегі адам саудасына қатысты ахуал және 2021-2023 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік органдар жүргізетін жұмыстар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасындағы жаңалықтарды түсіндіріп, оны жақын арада Үкімет ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Валентайн ханым жобаның Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қонға жәрдемдесуге бейілді екенін, мигранттар мен адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғауға қатысты озық тәжірибелер алмасу үшін ұлттық құқық қорғау институтымен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдірді. Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді байланыстарды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Адам саудасы көптеген жағдайларда ұйымдасқан қылмыстық топтар қатысатын және зардап шеккендерді одан әрі оңалту мен реинтеграцияны қажет ететін жасырын қылмыс түрлеріне жатады. Мұнда бірнеше ұйымның жауапкершілігі бар. Мәселен, құқық қорғау органдары қылмыстарды анықтап, олардың жолын кесумен айналысса, әлеуметтік қызметтегілер көмек көрсетумен шұғылданады. Еңбек инспекциясы қанаудың алдын алу үшін еңбек заңнамасының сақталуын қадағаласа, үкіметтік емес ұйымдар ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізумен қатар адам саудасына ұшыраған құрбандардың құқықтарын қорғайды. Бұқаралық ақпарат құралдары адам саудасына қарсы шараларды жариялауды қамтамасыз етумен бірге халықтың бұл жөніндегі хабардарлығын арттырады. Бұл тізім жалғаса беруі мүмкін. Әрине, адам саудасына қарсы шаралар жүйелі түрде жүргізіліп, бұл ретте тәуекелдерді үнемі ескеріп отыру керек.

Тәуекелдердің алдын алудың жеке шаралары ретінде адам бойындағы қызығушылық, терең ойлау және ашықтық сияқты қасиеттерді дамытудың маңыздылығын атап өткен жөн. Бұл үш қасиет жұмыс іздеуші үшін өте маңызды. Кез келген ұсынысты қабылдамас бұрын жұмыс берушінің профилін мұқият зерттеп, оның адалдығына көз жеткізу керек. Сондай-ақ, жақын адамдарыңызға, туыстарыңызға, серіктестеріңізге немесе басқа сенімді адамдарға әлеуетті жұмыс берушімен алдағы кездесу және еңбек ету құқығын іске асыру шеңберінде қабылдайтын маңызды шешімдерді хабарлап отыру да артықтық етпейді.

Кез келген азамат адам саудасы сияқты қоғамға қарсы және қауіпті құбылыстың бар екенін және онымен байланысты тәуекелдерді білуі қажет. Сонда ғана ол кез келген жағдайда өзін және жақындарын қорғай алады. Егер біреу адам саудасының құрбаны болды немесе болуы мүмкін деп күдіктенсе, бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарлау қажет. Осындай әрекет арқылы біз адам саудасына қарсы күресте маңызды рөл атқара аламыз.

Наталья ҚОЖАБЕКОВА,

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі.

Жаңалықтар тізбесі

АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жуырда ғана Польшаның Кельце қаласында өткен әлем чемпионатында 49 кг салмақ дәрежесінде алтын медалді...

Күшіміз бірлікте: Halyk Bank басқа екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмектесуде

Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде. Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы...

Балалардың қауіпсіздігі жөніндегі заң жобасы қоғам арасында кеңінен талқыланады — Т.Дүйсенова

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,...

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Бүгін Отырар ауданындағы «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы лицей-интернатында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өтті. Алғаш рет...

ГЕНПРОКУРОР ПРИЗВАЛ ОБЪЕДИНИТЬСЯ ПРОТИВ БЕЗЗАКОНИЯ И БЕСКУЛЬТУРЬЯ

21 ноября под председательством Генерального прокурора Берика Асылова состоялось заседание Координационного совета по вопросам профилактики семейно-бытового насилия и правонарушений...

Тірлігі тындырымды НӘЗИПА

Төлеби аудандық ауруханасында халық денсаулығы үшін күресіп,  тұрғындардың алғысына бөленіп жүрген жандар аз емес. Сондай мамандардың бірі – аға...

Атыраулық отбасының қуанышы

«Алты Алаш үшін ақ түйе­нің қарны жарылған бұл күн­нің астарында мемлекеттің жаңа экономикалық, инфра­құрылымдық сын-қатерлерді еңсере алуы мен жаc...

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғандаалып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытындаолар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.   Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды. Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын–соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black...

Түркістандық оқушылар Республикалық пікірсайыс турнирінен жүлделі оралды

Жетісу облысының білім басқармасы дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Жетісу облысы білім...

Тағы да