Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістанда арнайы экономикалық аймақ құру жоспарлануда

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...
Мемлекет басшысының Түркітілдес елдерді біріктіретін арнайы экономикалық аймақ құру туралы тапсырмасы аясында Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағы құрылмақ. Ол қолданыстағы «TURKISTAN» АЭА аумағында құрылатын болады. «TURAN» АЭА аумағында қолданыстағы заңнамада шектеу қойылған қызмет түрлерінен басқа экономикалық қызмет түрлерінің «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызметтің барлық түрі қамтылады. Аймақта халықаралық, өңірлік стандарттары және дауларды шешуде британдық (Арбитраж) құқықты қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды маңызды жобаның жүзеге асыру барысын талқылау мақсатында жауапты сала басшыларының басын қосты.
– Біздің басым бағыттардың бірі – өндіріс және жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта бар мүмкіндікті қарастырамыз. Бұл ретте Түркі мемлекеттерінен де инвестиция тартудың маңызы зор, – деді өңір басшысы.
Қараша айында Самарқанд қаласында (ӨР) Түркітілдес Мемлекеттер Ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшыларының қатысуымен өткізілген Саммитінде «TURAN» АЭА құру туралы Қазақстан Республикасының бастамасы барлық мүшелер тарапынан қолдау тапты. Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату. Оның аумағы 4 гектарды құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Олар: Тарихи орталық, Әкімшілік-іскерлік орталық, Greenfield (Оранғай ауылы), Brownfield өнеркәсіптік қосалқы аймағы (Кентау қаласы) және Түркістан қаласы мен халықаралық әуежай аумағы.
Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 трлн. теңгеге 9596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 млрд. теңгеге 915 жұмыс орнын құрумен 9 жоба бар. Жыл соңына дейін жалпы құны 29,9 млрд. теңгеге 1197 жұмыс орнын құрумен 25 инвестцииялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта жалпы құны 17,7 млрд. теңгеге 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашумен 18 инвестициялық жоба іске қосылды. Одан бөлек, облыста өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы құны 1,4 трлн. теңгеге 3595 жұмыс орнын ашатын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Жаңалықтар тізбесі

Енеден бата алған

Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде 398 «Алтын алқа», 337 «Күміс алқа» иегері тұрады. Әрбір көп балалы шаңырақ мемлекеттің байлығы...

Мемлекеттік жастар саясаты — тарихтан мағлұмат

Қазақстанда жастар саясатын басқару саласында әртүрлі тәсілдер қолданылды. 1991 жылы құрылған Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік...

Түркияда өткен жаһандық медиа форум

Жуырда Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы бастаған бір топ журналистер Түркияға барды. Олар Аланья қаласында өткен Жаһандық журналистер...

СУДЬЯНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Сот билігін атқарушы ретінде тағайындалған лауазымды тұлға ол – судья. Ол сот билігінің өкілі ретінде барлық құрмет пен беделге ие....

Созақ ауылында «Бір атаның ұрпақтары» арасында футзалдан аудандық жарыс ұйымдастырылды

Созақ ауылында 17 қыркүйек күні Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені»...

Еңбегі ерен тұлға

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

Түркістанның ажарлануына үлес қосып жүрген еңбек адамдары

Түркістанды гүлдендірген еңбек адамдары. Облыс орталығы болғаннан бері Түркістан түрленіп, келбеті адам танымастай өзгерді. Қазіргі гүлденген Түркістан қажырлы еңбектің...

Төлебиде 14 мыңнан астам оқушы қосымша біліммен қамтылған

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында: «Әрбір тілек...

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Самырұқ-Қазына» және ҚР...

Тағы да