Понедельник, 20 апреля, 2026

Созақ ауылында «Бір атаның ұрпақтары» арасында футзалдан аудандық жарыс ұйымдастырылды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Созақ ауылында 17 қыркүйек күні Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл ту», «Қызыл жұлдыз» және «Отан соғысының 1-ші дәрежелі ордені» иегері, Ішкі Істер Ісінің үздігі Омарбек Дүйсенбекұлының туылғанына 100 жыл толуына орай ұл-қыздары мен ұрпақтары футзалдан «Бір атаның ұрпақтары» арасындағы аудандық жарыс ұйымдастырды.

Созақ ауылдық Полиция бөлімшесінің алдына кеуде мүсіні қойылып, құран бағышталды.

Ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, ізгі тілегін арнады. — Ерлігі мен еңбегі елге үлгі болған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген құрметіміз қашанда шексіз. Осындай игі шара бұқаралық спортты дамытып, ардагерлеріміздің жүрген жолы мен көрсеткен ерліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде дәріптей түсері сөзсіз,-деп шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, спорт саласының ардагері Таужан Батыров пен ауыл қариясы Мұрат Жақсыбаев жылы лебіздерін білдіріп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Спорттық жарысқа бір атаның ұрпақтарынан құралған 15 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Әр команда кездесудің алғашқы минуттарынан бастап өздерінің жеңіске деген ұмтылыстарын байқатты.

Сайыс қорытындысы бойынша өзге командалардан айла-тәсілі мен тәжірибесін арттырған «Нұржанбаевтар» командасы І орын иеленді.

Жүлделі ІІ орынды «Омарбектегі» командасы иеленіп, «Мырзабек Ата» командасы ІІІ орынға табан тіреді.

Сондай-ақ Роман Сатыблдиев «Үздік қақпашы», Әліби Ерболұлы «Үздік ойыншы», Жанболат Қойшыбай «Үздік қорғаушы», Жалғас Сәдуақасов пен Нұртілеу Әбілқасымов «Үздік төреші» номинациясымен марапатталды.

Жарыста жеңіске жеткен командаларға арнайы диплом, кубок, медаль мен сый-сияпаттар табысталды.

Жаңалықтар тізбесі

Алматыдағы “Музей түні”

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осы мереке аясында әлемнің 150 елінде «Музей түні» акциясы өтеді. Сондай дүбірлі мереке...

Төлебиде жаңа кәсіпорын ашылды

Төлеби ауданында «КазахБитум» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу зауытындағы үздіксіз полимерді модификациялау цехы ашылды. Киелітас ауылдық округі аумағында орналасқан зауыт...

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает незабываемые впечатления на природе

Высокогорье Черного моря в Турции предлагает широкий выбор вариантов отдыха для тех, кто хочет избежать шума и суеты городской...

Тындырымды Тындықыз апа бүкіл аймаққа үлгі еді

– Тұр балам! Фермаға баратын уақыт болды! Колхоздың тауарлы сүт фермасында сауыншы болып істейтін анам күнде сағат төртте тұрады. Қыстың...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ – АМЕРИКАДА

«Шеврон» компаниясы «Soul of Tengri: Tánir Álemi Kazakh Traditions and Rituals» бағдарламасы шеңберінде «Smithsonian Artisan Initiative» ұйымымен серіктестік орнатты. «Шеврон» компаниясының қолдауымен 6-11 шілде...

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Түркістан облысы Келес ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күні аясында өзге ұлт өкілдерінің...

Президенттік кадр резерві білімді жастармен толығады

Президенттік кадр резервіне білімді, халқына пайдасы тиетін тың идеяларды жүзеге асыра алады деген, жанып тұрған жігерлі, білімді жастар таңдап...

Сайрамда ән байқауы өтті

Сайрам ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №7 Бабыр атындағы жалпы орта мектебінде аудандық «TuranBalaFest» үздік өнерпаздар телебайқауының «Эстрадалық вокал, ВИА...

Тағы да