Воскресенье, 19 апреля, 2026

Енеден бата алған

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде 398 «Алтын алқа», 337 «Күміс алқа» иегері тұрады. Әрбір көп балалы шаңырақ мемлекеттің байлығы десек, олар бала тәрбиелеп қана қоймай, мемлекеттің демографиялық өсіміне де өз үлестерін қосып жүр. Осындай отбасылардың бірі – Сары-ағаш ауданы, «Достық-2» ауылында тұратын Пірімбетовтер отбасы. Данияр Пірімбетов пен Айнұр Меңлібаева жеті ұл-қыз өсіріп отыр. Олардың отасқандарына биыл 22 жыл болыпты. Отбасындағы 4 ұл, 3 қыздың үлкені 21 жаста болса, кенжелері 2 жаста. Қазығұрт ауданында туып-өскен Айнұр да көп балалы отбасыдан шыққан. Үйінің  кенжесі, оныншы перзенті екен. Бүгінде Айнұр «Сарыағаш» емдеу-сауықтыру кешенінде кіші қызметкер болып жұмыс істейді. Қашан да ата-ана үшін балаларының ақылды, білімді, адал болып өскені маңызды. Бұл орайда Айнұрдың үміті ақталғандай.

– Шын мәнінде, ерлі-зайыптылардың көпшілігі үлкен отбасы болып, көп балалы атанғысы келеді. Олар бауырдың көптігінің және есейгенде бір-біріне жанашыр болудың қандай болатындығын жақсы түсінеді. Біз отағасы екеуміз балаларды ақша табудан бұрын еңбекке, мамандықты дұрыс таңдауға үйретеміз. Бұрын өзіміз мұғалім, дәрігер, инженер, құрылысшы боламын деп алдымызға нақты мақсат қоятынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі жастардың көпшілігі тез баюды, оңай ақша табуды көздейді. Бәрі кәсіпкер, экономист, заңгер болғысы келеді. Оқу бітіріп алып, мамандық бойынша жұмыс таппай жүргендері қаншама?! Балалардың әкесі осындай қиындыққа тап болмас үшін үйдегі әр баланың тәлім-тәрбиесіне, оқуына жіті мән беріп, ақылын айтып отырады, – дейді алтын құрсақты ана.

Отбасы – мемлекеттің тірегі. Әр отбасыда ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтар бар. Ол отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты арттырып, сенімді нығайтады. Айнұр Нышанқызы көп балалы ана ғана емес, 74 жастағы енесі – Гүлжәмила апасының ақ батасын алған ибалы келін. Екеуінің сыйластығына ауыл тәнті. Қарашаңырақтан еншісі бөлінгеніне неше жыл өтсе де, Айнұр жұмыстан тыс уақытта енесінің жанынан шықпайды. «Көп балалы ана болу оңай емес. Әр баланың мінезі әртүрлі. Бала тәрбиесінде енем көп көмектесті. «Баланы мемлекет үшін тумайсыңдар! Өздерің еңбектеніңдер, наны тәтті болады» деп үнемі біздің жұмыс істеуімізге көмектесіп отырды. Сондықтан болар, апамның арқасында әлі күнге дейін жұмыстан қол үзбей келемін» дейді ол.

Альвира ПАЙЫСХАН.

Жаңалықтар тізбесі

Сөзі мен ісі үйлескен іскер азамат

«Nur Otan» партиясының белсенді депутаты Аширбаев Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік. Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты...

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала...

САНАТОРИЙ «SAPA»

  САНАТОРИЙ "SAPA" Адрес: Туркестанская область,Сайрамский район,с.Карабулак, ул.Ахунабабаева 89"А". Телефон для бронирования: +7 776 242 3535; +7702 779 07 07. Официальный сайт: sapa-med.kz Санаторий SAPA...

Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен жиын өтті

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық және оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша...

ORDABASY: Аудан жастарын біріктіретін ортақ алаң құру керек

Жастар – елдің басты байлығы, мемлекеттің болашағы. Сондықтан оларға әрқашан қамқорлық пен қолдау ауадай қажет. Осы мақсатта ел болашағы...

ТҮРКІСТАН: Арыста ерекше балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға...

4000-ға жуық адамды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік жасалып отыр

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Бала біздің — болашағымыз!

Түлкібас аудандық орталық ауруханасында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аталып өтті. Осы мерекеге орай, балалар...

МАҚТААРАЛ: Баланың басты ұстазы – ата-ана

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Мақтаарал ауданында аудан әкімі мен аудандық білім бөлімі және бөлімге қарасты білім беру мекемелерінің...

Тағы да