Понедельник, 20 апреля, 2026

  МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТЕН ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгін Мақтаарал ауданында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» негізінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алып кәсібін бастаған кәсіпкерлердің өнімдерінің көрмесі өтті. 2022 жылы Мақтаарал ауданында 224 азамат қайтарымсыз грант иегері атанған. Олар кондитерлік өнімдер, тігін өнеркәсібі, сүт өнімдері, жартылай дайын тағамдар, нан өнімдері, қазы бургер, сыйлық түрлерін жасау, ұялы телефон әсемдеу, омарта шаруашылығы, жүннен тоқылатын өнімдер, фото-студия, көлік жабдықтарын жасау, жылыжай шаруашылығы, қуырылған балмұздақ, жиһаз жасау, компьютерлік қызмет көрсету, бухгалтерлік қызмет көрсету, дәнекерлеу ісі, мал шаруашылығы салаларында өз кәсіптерін бастаған болатын. Бүгінгі көрмеде кәсіпкерлер аталған салалар бойынша өздерінің шығарып жатқан өнімдерін аудан жұртшылығына ұсынды. Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жұмысымен, шығарып жатқан өнімдерімен кеңінен танысты. Сонымен қатар аудан басшысы жиын барысында сөз сөйлеп, ауылдың, ауданның, тіпті еліміздің әлеуметтік-экономикасын көтеру үшін шағын және орта бизнес дамуы керек екенін атап өтті. «Бөлініп жатқан қаражат – мемлекет тарапынан өз азаматтарының кәсіп бастауына берілетін үлкен мүмкіндік және Президентіміздің үлкен қолдауы. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсібін дамытуға тырысса, елімізде шағын және орта бизнес дамып, жұмыссыздардың саны азайып, ел экономикасы көтеріле түспек»,  — деді, Бақыт Насырханұлы. Мұнан соң сөзге шыққан аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Әжіқабылов мемлекеттен қайтарымсыз грант алудың ережелері туралы іс-шара қонақтарына кеңінен түсіндіріп өтті. Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жұмысқа жарамды азаматтар, мүгедек бала тәрбиелеуіндегі отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, қандастар және оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылар мемлекеттен қайтарымсыз грант алуға үміткер бола алатынын жеткізді. Мақтаарал ауданында 2022 жылы «Business Enbek» электронды порталы арқылы кәсіпкерлік негіздеріне онлайн оқуға 1415 азаматтың жеке өтінішітері қабылданып, оның 1008-і оқуын аяқтап, сертификат алған. Сонымен қатар 2020-2021 жалдар аралығында «Атамекен бизнес» порталы арқылы 700-ге жуық азамат сертификатқа ие болған. Бұл көрсеткіштер ауданда мемлекеттік грантқа үміткер азаматтардың өте көп екенін көрсетеді. Айта кетейік,  биыл 224 адамға 1 225 200 теңгеден мемлекеттік грант беріліп, жалпы осы бағытта 274 миллион теңгеден астам қаржы толық игерілген.

Жаңалықтар тізбесі

Кентау қалалық емханасында отбасылы дәрігерлер қызмет етеді

Отбасы болу, саналы ұрпақ тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Қоғамның жақсы болып қалыптасуы жанұяның әрбір мүшесіне байланысты. Бүгінде...

ТҮРКІСТАН: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Сарыағаш қаласы әкім аппаратының ұйымдастыруымен «Кәусар» мейрамханасында арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арналып дастархан жайылды. Іс-шара барысында балаларға арналып...

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады. Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус...

Нашақорлық жас талғамайды

Дәрігерлердің пікірінше, есірткіге салынған адамның өмірі 35 жылға жетпейді екен. Ал, сол есірткіні балалар мен жасөспірімдер пайдаланса, олардың өмірі...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАП, БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты....

Жаны жақсылыққа толы

  Өңірімізде орын алған апаттарда да, пандемия кезінде де талай отбасыға қол ұшын созған “Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық...

Ата-аналардың ауданаралық форумы өтті

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу – аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақты мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы...

САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ НЫҒАЙТАДЫ

Бүгінгі таңда елімізде қоғамдық-саяси өзгерістер жүріп жатқаны белгілі. Қазір мұны жұртшылық бұрынғыдан да жақсы сезініп, Қазақстандағы алдағы оң өзгерістерге...

Тарихи мұраға бай…

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден...

Тағы да