Воскресенье, 19 апреля, 2026

Ел мерейін асырған спортшы жастар!

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

БОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ ТУҒАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Иорданияның Амман қаласында Азия құрлығы елдері арасында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті чемпионат өз мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте 6 алтынмен бас жүлдені жеңіп алды. Құрама сапында шымкенттік Жайна Шекербекова алтын, ал талантты боксшымыз Сабырхан Махмұд күміс, Мадина Нұршайова қола медальді иеленді. Бүгін жерлестеріміз туған елге абыроймен оралды.

Сары құрлық елдерінің ең талантты боксшы ұл-қыздары қатысқан бұл додада Қазақстан ұлттық құрама командасы құрлық бойыншаүздік команда екенін тағы да бір рет дәлелдеді. Шаршы алаңда жоғары техникамен жұдырықтасқан қазақ боксшылары жеті рет еліміздің Әнұранын Азия аспанында қалықтатты. Рингте атой салған 54 келі салмақтағы шымкенттік Жайна Шекербекова ақтық сында тайландтық Жутомас Джитпонгпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.
Азия чемпионатының басы- қасында болып боксшыларымызға қолдау көрсеткен Шымкент қалалық бокс клубының басшысы Заңғар Қасқаев бұл чемпионаттың Азия ойындары мен олимпиада ойындары қарсаңындағы үлкен сынақ екендігін жеткізді.
Ал, дарындылығымен талай бокс мамандарын таң қалдырған Сабырхан Махмұдтың Азия чемпионатындағы жекпе-жегіне бүкіл жанкүйерлер ыстық ықыластарын білдірді. Жерлесіміз Сабырхан Махмұдтың болашағынан мол үміт күтіп отыр. Тіпті, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерлері де Сабырханның техникалық жұдырықтасуы өте жоғары екендігін де айтады. Еліміздің мерейін асырып келген талантты боксшыларымыздың арасында Шымкент қаласының өкілі Мадина Нұршайова да бар. Жерлесіміз құрлық додасынан мол тәжірибе жинап келгенін айтып, еліміздің намысы үшін алдағы кезде де бар күш-жігерін көрсететінін жеткізді.
Бүгін Шымкент әуе жайынан шымкенттік боксшыларды қарсы алған бүкіл жерлестеріміз бен спорт мамандары еліміздің ең тәжірибелі бокс майталмандары ағайынды Сафиллуиндерге де құрмет көрсетті. Алда жауапты жарыстар күтіп тұр. Ол әлем чемпионаты мен олимпиада ойындары. Жерлестерімізге әрдайым жеңіс тілейміз.

Жаңалықтар тізбесі

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN — 2023» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қызу дайындық үстінде

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебі ғимаратында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -...

VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өттіі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен Халықаралық...

Қазақстан ажырасудан әлемде 16-орында

Биыл жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 53,8 мың жұп неке қиды, бұл былтырғыдан 2,2% аз. Қалаларда қиылған неке саны бір...

Түркістан: Бала қауіпсіздігі мен құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар күшейтілді

Түркістан облысында бала тәрбиесіне немқұрайы қарайтын 180 қолайсыз отбасы ішкі істер органның есебіне алынды. Бұл туралы кәмелетке толмағандардың ісі...

ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді шешуге күш салынады. Тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен...

Түркістан облысында шағын бизнесті қолдауға мол мүмкіндіктер бар.

Түркістан облысында шағын бизнесті қолдауға 2 765 грант бөлінді. Шағын және орта бизнес – көптеген дамыған және алдыңғы қатарлы...

КЕЛЕС: Бокстан кіші жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнирі аяқталды

"Келес спорт клубының" ұйымдастыруымен 17-21 қыркүйек күндері аралығында Келес ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2010-2011,2012-2013 ж.т кіші жасөспірімдер арасында...

Измир мен Бодрум түрік MICHELIN гид картасына қосылды

Измир мен Бодрум MICHELIN жетекші инспекторларының бақылауындағы екі жаңа түрік аумағы ретінде Стамбулға қосылды. Бұл екі көрнекті және туристік бағытқа...

Табысты отбасы жобасының түлектері кәсібін дөңгелетуде

Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры қолдаған «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы түлектерінің бастаған кәсібімен арнайы танысуға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев, ауданның...

Тағы да