Понедельник, 20 апреля, 2026

ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерді шешуге күш салынады. Тұрғындарды таза ауыз су, жарық, газбен қамту, жол мәселелері – басты назарда. Осы мақсатта бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларымен кездесті.
Басқосуда ауыз сумен қамтамасыз ету үшін салынып не қайта құрылып жатқан нысандар бойынша кемшіліктер ортаға салынды. Құрылысы бітпеген не созылған жобалар талқыланды. Облыс басшысы бұл саладағы проблемаларды түбегейлі шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
– Тұрғындарды ауыз сумен, газбен, инфрақұрылыммен қамту – басты міндет. Облысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі апта сайын тұрақты түрде қаралып тұратын болады. Түйткілдер болса, бірлесіп шешу жолын табайық. Ауыз су мәселесін терең талдап, аудан, қала әкімдіктері, басқармалар немесе облыс әкімдігі деңгейінде шешілетіндерін нақтылап берген жөн. Арнайы жоспар құрып, жүйелі жұмыс істеуіміз керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысында 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Жоспарға сәйкес, облыстағы 119 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қажетті қаржы көлемі – 21,7 млрд. теңге.
Осы мақсатта биыл 21 нысанға (23 е.м.) 5,1 млрд. теңге бөлінді. Он нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Нәтижесінде 23 елді мекен ауыз сумен қамтылып, облыста ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 87 %-ға жетеді.
Жиында оңтүстік аудандарды (Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал) сапалы ауыз сумен қамту мәселесі көтерілді. Оны шешу үшін «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасын инвестиция тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.
Кентауда жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасының бірінші кезеңі аяқталуға таяды. Бірегей жобаның барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Кенді шаһарда салынып жатқан жер асты суларын төмендету жүйесі толық жүзеге асқан соң Кентаудағы апаттың алдын алу мәселесі шешіліп, жиналған су тиімді пайдаланылмақ. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Түркістан өңіріне қосымша 70 млн. м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады.
Жоба аясында бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне 60 м тереңдікте 11 сусорғыш орнатып, «Кеншілер» саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өту қарастырылған. Нәтижесінде Кентауда жасанды көл пайда болады. Жоба бойынша 1,5 мың шақырым жол қазылып, 5,5 шақырымға құбыр жүргізілді.

Жаңалықтар тізбесі

Түркістан: 5 жылда мемлекеттік бағдарламалармен 10 мыңдай отбасы баспаналы болды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде құрылыс қарқыны еселеп артқанын...

Түркістан облысындағы  11 елді мекен ауыз сумен қамтылады

Түркістан облысы әкімдігінде өңірді ауыз сумен қамту жұмыстары, осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланды. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте осы...

Өнермен өрістес әже

Сәулегүл Қалымбетова жастайынан өнерге бейім болып өседі. Той-томалақтарда ән салып, той бастап жүріп, ел ішінде «әнші қыз» атанады. Әкесі...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Түркістан облысында 23 мыңнан астам мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды

Түркістан облысы бойынша 2022-2023 оқу жылында 30 110 мектеп бітірушілердің (оның ішінде 23837 қазақ, 1848 орыс, 4149 өзбек, 276...

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (27 ҚЫРКҮЙЕК)

27 қыркүйек күні Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Стенд ату: Сапында Әсем Орынбай,...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 6109 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Облыс орталығында тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың түрлі жобалары жүзеге асып келеді. Биылғы жылғы жоспарда шаһарда 6899 жаңа жұмыс орнын құру...

Кәсіби асырап алушы отбасылар: қалай болады

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин құрамына кірген Қазақстан делегациясының Чехияға 5 күндік сапары аяқталды. Жеті адамнан...

Картепе, Улудаг және Карталкая: Мармараның «Ақ жолдары»

Қарлы шыңдар, сәнді тау шаңғысы курорттары және жанға жайлы демалыс – Түркияда. Түркияның қысқы демалысты қамтамасыз ететін түрлі шаралары теңіз,...

Тағы да