Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар — заманауи мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланушылар

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Бүгінгі заманның талабы — жастарға мәдени – интеллектуалдық және информациялық мобильдік те тән. Оны қазіргі жағдайға тән құбылыстармен түсіндіруге болады. Мысалы, қазіргі өтпелі кезеңде білім экономиканың бір саласына айналып кетті. Мұнда негізгі рөлді білімді қазіргі кездегі тәжірибеге сай қолдану атқарады Ал, жаңа ғылыми білімді белсенді қолданушылардың көбі – жастар

    Осы заманғы жастар кейбір ерекшеліктермен сипатталады:

  1. жастар бұрынғы заманға қарағанда қазір білімдірек;
  2. жаңа мамандықты игерген;
  3. өмірдің жаңа бейнесіне талпынады;
  4. әлеуметтік өсімтал;
  5. құндылықтарды, қажетттіліктерді, адамгершілік нормаларды   жоғары бағалайды.

    Әлеуметтік жұмыс позициясы жағынан жастардың әлеуметтік – демографиялық топ ретіндегі жалпы социологиялық ерекшеліктерін айқындаған жөн.

    1. Жастар балалық шақ пен ересек өмірдің арасында бейтарап күйде, яғни өтпелі кезеңде тұрып өз өмірінде маңызды этаптан өтеді. Ол отбасын құру немесе отбасын құрмау социологиясы. Жастардың өзінің ішінде түрлі бөлінулер болады:

    а)жас  ерекшелік (жасөспірім, бозбала, жас жігіт)

    б) статустық (жас жұмысшы, жұмыссыз, студент)

  1. жастар ұрпақ ретінде бұрынғы ұрпақпен қарым–қатынаста болады.

    Жастардың әлеуметтік топ болып қалыптасуы, түрлі этаптардан өтетін процесс болып табылады. Бұл этаптарда жас адамдардың әлеуметтік дамуындағы өзгерістер және қоғамның жастарға қоятын талаптарының алмасулары айқындалады.

    Жастардың мәндік қалыптасу процесі 3 этаптан өтеді.

    1 – этапта жастар қоғамдық жерлердің объектісі ретінде

    2 – этапта жас адамның қоғамдық қатынастарды жүргізуші және өндірістік күштердің элементі болған сәттен басталады. Тәжірибеде бұл жастардың қоғамдық ықпалдарының объектісі бола тұрып тарихи процестің субъектісі ретінде қалыптаса бастағанын көрсетеді.

    3 – этапта жастардың өндірістік күштің элементі болып және қоғамдық қарым – қатынастарды бойына игеру процесінің жемісті аяқталғаны байқалады.

    Өз мемлекетімізде мемлекеттік жастар саясатының концепциясы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды» өңдеу барысында 1988 – 1999 жылдарда қалыптасты. Бұл концепцияда жастардың негізгі құқықтары ғана емес, ең алдымен жас азаматтарды арнайы шараларды қолдану жолымен көмек көрсетудегі мемлекеттің міндеттері көрсетілген.

    Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік органдардың әрекеттері мынадай негізгі принциптерге негізделген:

  • жастарды маңызды мемлекеттік шешімдер мен бағдарламаларды өңдеуге және іске асыруға қатыстыру.
  • Адам бостандығымен, жастардың арнайы қызығушылықтарымен санасу.
  • Экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайларды орнату және жастардың қабілеттерін оқуда, еңбекте, қоғамдық әрекетте көрсету алуларына мүмкіндік беру, оларды кәсіби даярлау
  • Мемлекет тарапынан жастар ұйымдарының ісіне қолдау көрсету.

    Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыты болып: жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік беру, жастардың жеке кәсіпкерлікпен және өзіндік жұмыстармен шұғылдануына мемлекет көмек көрсету, жастарға құқықтық білім мен патриотттық тәрбие беру, жастар ұйымы  ісінің кеңесіне ықпал ету, жастарды әлемдік және ұлтттық мәдениеттің құндылықтарына тарту, салауатты өмірдің бейнесін жүргізуге және спорт түрлерін дамыту болып табылады.

      Ал Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңында жас азаматтардың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық қорғалуына кепілдік берілген. Бұл кепілдіктер жастардың кредит алуына, баспанаға ие болуына, жеке шаруашылықтар жүргізуге нақты жеңілдіктерге құқық береді. Сондай – ақ,  жастар оқуы, тәрбиеленуі, рухани және физиологиялық дамуы үшін әлеуметтік қызметтерді қабылдауға кепілденген; жоғары және орта оқу орындарында, материалдық көмекке зәру студенттерге әлеуметтік көмек қорынан материалдық көмек көрсетіледі; жас отбасыларында сәби дүниеге келген кезде процентсіз банктік 10 жылға қаражат беріледі; студент жастарға, әскер қатарында жүрген жастарға мәдени – ағарту және театралдық шараларға қатысу билетінің құнына 50 пайыздық жеңілдік беріледі.

    Ал 1999 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға бірдей адам құқықтары Декларацияның өзекті идеялары мен қағидаларына,  Бас Ассамблеясының жастар дамуының 2000 жылға дейінгі дүниежүзілік іс – қимыл бағдарламасы 50\81 қатарына сәйкес құқықтары туралы Концепцияға, Қазақстан Республикасының Конститутциясына және ел президентінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030. Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» — атты жолдауына сүйенген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына көптеген өзгерістер енгізіліп, талқыланып өмірге келді.

    Бұл тұжырымдамада мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдылықтарын анықтауды мұрат етті. Осы тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруды мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін. Осы тұжырымдаманы іске асыруда мемлекет өзіне мынадай талаптар қойды: мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жолмен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым – қатынастарды реттейтін Қазақстан республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.

    Жаңа  өмір талабына сай негізделген тәуелсіз Қазақстан Республикасының  жастар саясатының негізгі мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту. Ал осы қойған мақсаттарға жету үшін жастар саясаты мынадай негізгі басымдықтарды жұмыс істейді:

  1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
  2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
  3. Жастардың әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
  4. Жастардың дене тәрбиесін, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
  5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
  6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

    Сөйтіп, мемлекеттік жастар саясаты – жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, өркендеу мен жаңашылдық нақты әрі тиімді іс – қимыл, жалпыға ортақ – барлық жастардың жынысына, ұлтына. әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту, жастардың әреуметік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды тікелей қорғау және қолдану сияқты принциптерге сүйене отырып мынадай негізгі басты бағыттарды қарастырады:

  1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
  2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
  3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
  4. Жас таланттарды қолдау және шыңдау.
  5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
  6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

    Осының  ішінде әлеуметік қызметкердің мемлекеттік  жастар саясатының бір бағытының  негізінде қазіргі өтпелі кезең  жағдайында жастар мен жұмыс істеу бағыты – жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу. Бұл мәселе әлеуметтік қызметкердің жастарға әлеуметтік қызмет көрсетуі балаларға, жастарға жұмысқа тұру денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында ,мектепте, ұжымда бір–бірімен қарым–қатынас мәселелерін шешу өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімдеу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуына жәрдем беретін мекемелер жүйесі санатындағы жастырға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсетуге, мүгедек жастарға, борышын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманияда, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Себебі, бүгінгі таңда жастарды өтпелі кезеңге сай әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қорғау ең өзекті мәселелердің бірі болып тұр.

Жаңалықтар тізбесі

Адам саудасына жол жоқ

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен...

Ордабасыда оқушылардың мерекелік шеруі өтті

Ордабасылық оқушылардың мерекелік шеруі. Республика күні қарсаңында Ордабасылық оқушылар мерекелік шеруге шықты. Осылайша аудан бойынша жиналған балғындар айтулы күнге...

Аудан орталығынан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ашылды

Бүгін Шолаққорған ауылындағы С. Абуов көшесінің бойынан тұрғындар сұранысына орай «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы...

Ерікті болу – ізгі істердің бірі.

Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса,...

ЖОЛДАУ- ЕЛ СҰРАНЫСЫНА ЖАУАП

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді....

ТУРКЕСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРИНЯЛ ЖИТЕЛЕЙ И ВЫСЛУШАЛ ИХ ОБРАЩЕНИЯ

Сегодня аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды в очередной раз провел личный прием граждан и выслушал их обращения. На встречу...

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос...

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин өңірдегі су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді. Жиынға Түркістан...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

2023 жылдың 16 мамыр күні "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің...

Тағы да