
Ордабасылық оқушылардың мерекелік шеруі. Республика күні қарсаңында Ордабасылық оқушылар мерекелік шеруге шықты. Осылайша аудан бойынша жиналған балғындар айтулы күнге өз үлестерін қосты.
Әр білім ұясының оқушылары шеруде өзіндік ерекшелігін танытты. Бір мектептің балалары билеп шықса енді бірі қосыла ән салды. Балғын көмейден төгілген күміс ән мерекелік шараның ажарын ашты. Шара барысында 5 сыныпқа аяқ басқан үздік шәкірттер орталық алаңда ант қабылдап, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына өтті.
Алаңға шақыртылған оқушылардың барлығыда осал емес. Әрқайсысы өз білім ұясындағы озық оқушылар қатарында. Айтқандай ауданның атын шығарып облыстық республикалық білім, өнер сайыстарында топ жарған балаларды аудан әкімі арнайы құтықтады. Ал ауданның мәдениет қызметкерлері күйді күмбірлетіп, әнді қалықтатты.
Қазіргі таңда Ордабасы ауданында 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 4-еуі жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған екі мектеп 2023 жылға өтпелі.Жалпы, Ордабасы ауданында 68 мектеп бар болса, оларда 4,5 мыңнан астам мұғалім еңбек етуде.
