Понедельник, 20 апреля, 2026

Жастық шақ — қайрат-жігерге толы кезең

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық дәурен – ұмытылмайтын, алар орны ерекше, нағыз даналықты меңгеруге арналған уақыт. Ал, балалық шақ оны айтпаса да белгілі.

Адам өмірінде балалық шақ, жастық шақ, орта жас және кәрілік кезең орын алады. Солардың ішіндегі ең бір ерекшесі әрі мәңгі естен кетпейтіні ол – жастық шақ. Жас күніңдегі өмірің қиялға толы. «Жастық — жалын, кәрілік — көмір», — деп бекер айтпаған-ды.

Қыран құстың қанатына мініп, көкте қалықтағандай, балалық шақта өмір белесінің бірі, жоғарғы оқу орнына түсіп, студент атану әрбір талапкердің үлкен арманы.Студент деген сөздің өзі «ізденуші» мағынасын беретінін ескерсек, қай мамандықта болсын ізденушінің бос уақыты мен демалыс күндері сирек болғаны дұрыс. Мидың ең көп бөлшегі белсенді қызмет атқаратын 17-22жас аралығы барлық ілім-білімді санаға ұмытылмастай сіңіріп, тіпті жаңалық бекем белесжылдар болуы тиіс.

Дегенмен іздену мен ынтаны ғана негіз етпей, студенттік өміріңізді қызықты әрі көңілді өткізу өз қолыңызда. Студенттік шақ тәтті әрі ең қызықты шақ. Сіз өзіңіз келген жеріңіздегі таныс достардан бөлек, мұнда әр аймақтан келген жаңа достармен танысасыз. Жаңа таныстық, жаңа өмірге жол ашу. Ең қызығы олардың сөйлеу мәнері мен өзін ұстауы. Әдебі көңіліңізге көп өрнек қалдырары даусыз. Әрі өзгеше салт-дәстүр де елең еткізер. Бірақ уақыт өте келе оған да бой үйретіп, қарым-қатынас қағидалары сізді де өзгертеді. Бұл жамандыққа апаратын жол емес, жақсысын үйреніп, жаманынан жирену сіздің қолда. «Жастық шақ-ерлік жасар шақ» деп француз жазушысы Мари-Анри Бейль айтқандай, бұл кезеңде адам өткір де өжет болады. Кейбір істің соңын ойламай қалатын көзсіз батырлыққа да баратын кез бұл.

Қазіргі студенттер еңбекке ерте араласып кетеді. Тіпті жазғы демалысын мәдениетті тынығудан гөрі қарбаласпен өткізіп жүргендер қаншама. Нарық заманында күнкөріс қамымен кез-келген жұмысты жасауға дайын. Ауыр жұмыстарға жегіліп, лас,жағдайсыз жерлерде жұмыс істеуге мәжбүр. Абайсызда от басып, бармақ шайнап қалғандары қаншама. Аталған кемшіліктердің алдын алу мақсатында аудандағы «Жасыл ел» бағдарламасының еңбексүйгіш жастарға тигізер пайдасы орасан. Себебі студент ақша табумен қатар, өз ауылын көркейтіп, көгалдандыру жұмысына зор үлесі қосып жүр. Жасақ мүшелерінің басым көпшілігі студенттер екен. Ал қалада не өзіне, не өзгеге пайдасы жоқ жұмыс жасап, уақытын мақсатсыз өткізудің жас өмірге тигізер пайдасы шамалы деп едім. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, демалысын сәтті пайдаланып тіл үйрену курстарына қатысып немесе өз жанұясының шаруасына көмектесіп жатқандары да баршылық.

Демек, бүгінгі жас ұрпақ, ел ертеңі – біздер. Біз — ертеңгі күні ел тағдырын ойлайтын осы жалындаған жастармыз. Ең алдымен біз білім алып, «Болмасаң да ұқсап бақ, біл ғалымды көрсеңіз», — деп қазақтың бас ақыны Абай айтқандай, еліміздің білім деңгейін биік шыңға көтеріп, қазақты әлемге одан әрі мойындатсақ, бізден асқан бақытты мемлекет, қазақ елінен асқан бақытты халық болмас.

 

Жаңалықтар тізбесі

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛУДАН ЖАЛЫҚПАСЫН!

Жақсылық жасау – жүректен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында да әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Бірқатар сала өкілдерінің жалақысын...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА АЙРЫҚША МӘН БЕРІЛІП ОТЫР

Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны...

Еңбегі ерен тұлға

  Ең әуелі адам – адамгершілігімен және өзінің парасатының биіктігімен көрікті. Біз бүгін өзіміздің мақтанышымыз, жерлесіміз, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, "Nur...

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ САЙРАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Сапар барысында өңір басшысының орынбасары Қарасу ауылдық округінің емхана...

Ата-аналардың ауданаралық форумы өтті

Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу – аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақты мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы...

Келестік оқушы-архитектор

Келес ауданындағы №10 «Игілік» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Қалдар Мейрамбек тұрмыстық қалдықтардан макет құрастырып, түрлі архитектуралық нысандар...

ТҮРКІСТАН: Көпбалалы аналар да кәсібін дөңгелете алады

Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны,...

ПРЕЗИДЕНТ АЙТҚАН ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ҚАҒИДАТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесін жасады. Мәжілісті тарату және...

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗ»

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз...

Тағы да