Понедельник, 20 апреля, 2026

Волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

«Волонтерлік» ұғымы латын тілінен аударылғанда – voluntarius «ерікті» мағынасын білдіреді. Волонтерлер (еріктілер) алуан түрлі қызмет үлгісін көмек ретіндегі көрсетеді. Қызмет тегін жүзеге асады. Кез келген адам еркіне қарай волонтер бола алады. Егер өзіңіз не серігіңізбен айналадағы қоқысты жинасаңыздар, экологиялық волонтерлік деп атауға болады. Демек волонтерлық қызмет – елдің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық дамуына әсер ететін күш.
Кеңінен таралған волонтерлік қызметтер:
* Қоршаған ортаны сақтау: қорықтарды, өзен-суларды, жан-жануарларды аңшы-балықшы-броконьерлерден қорғау қызметі
* Табиғи және әскери апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету: психологиялық жәрдем, сауда-саттықпен көмектесу, тамақ дайындау, бұзылған объектілерді қайта қалыпқа келтіру, жоғалғандарды іздестіру, медициналық қолдау.
* Табиғи және техногенді апат алдын алу: адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру.
* Білім беру саласын, инновацияны және ғылымды дамыту: мектепте, балабақшада, колледж, уиверситет және түрлі кәсіби клубтарда қызмет ету.
* Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау: нысанды қалпына келтіру жұмыстарына ат салысу.
* Маңызды іс-шаралар ұйымдастыру: спорттық, мәдени, білім беру саласындағы шараларға қатысу.
* Мүмкіндігі шектеулі жандардың ішкі потенциалын ашу: көрме ұйымдастыру, шеберлік сыныптарын өткізу.
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды,
Бірінші оқылымда заң жобасы биылғы ақпан айында мақұлданған еді.
«Заң жобасы мемлекеттік грант саясатын, қайырымдылық және волонтерлік қызметті жүзеге асыру салаларындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың «стратегиялық әріптестік» түріндегі өзара іс-қимылының жаңа тетігін енгізуге бағытталған. Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар «волонтерлік қызмет», «волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган», «қайырымдылық волонтері» ұғымдарын нақтылады, қайырымдылық бағдарламасын әзірлеу, бекіту және орындау жөніндегі нормалар қайта қаралды, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қатысу құқығы кеңейтілді», дейді депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен бірге азаматтық қоғамды тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі нормалар күшейтілген.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу бойынша функциялар енгізілген.
Депутаттар волонтерлерді «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» заңда көзделген тәртіппен наградалармен марапаттауды ұсынған.
«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмекпен қамту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және оларды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті белгіленді. Дербес төлеушілердің МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды төлеудің баламалы тетігі енгізілді. БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдер алуы үшін кірістерін есепке алуға қатысты және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны құруға қатысты «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді», деді Вера Ким.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы Тұжырымдамасының жобасын ұсынамыз. Аталған құжатты қабылдау волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды дамытуға құқықтық жағдайды жетілдіруге бағытталған.
«Волонтерлік қызмет туралы» Заңын жетілдірудегі негізгі өзгерістер:
• «Волонтер» санатын волонтерлік ұйымдардың растайтын құжаттарын (анықтамалар) ұсына отырып, жоғары, оқу орындарына түсуде артықшылығы бар тұлғалар санатына қосу;
• волонтерлік қызметті атқарып жатқан азматтарды мемлекеттік мекемелер, қазынашылық кәсіпорындарға жұмысқа қабылдауда қосымша балл тағайындау;
• волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік мүлікті жеңілдікті шарттарда ұсыну;
• зейнетке шығарда волонтерлік қызметке жұмсалған кезеңді еңбек өтіліне есептеу;
• волонтердің ең төменгі жасын 16 жасқа дейін азайту, денсаулық пен моральдық дамуға қауіп төндірмейтін волонтер қызметінің түрлерін анықтау.
«Қайырымдылық туралы» Заңды жетілдіруге ұсынылған механизмдері:
• қайырымдылықпен айналысушылар, қайырымдылық волонтерлерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдіктер алу бөлігінде құқығын кеңейту;
• қайырымдылықпен айналысушылар, қайырымдылық волонтерлерінің азаматтық қызметке тағайындалуда артықшылық алу құқықтарын кеңейту;
• қайырымдылық ұйымдарға мүліктік жалға алу немесе қайтарымсыз сенімгерлік негізінде мемлекеттік коммуналдық мүлік нысандарын пайдалануды енгізу;
• қайырымдылықты дамыту саласындағы саясатты іске асыру функцияларын қоса отырып, қайырымдылық саласындағы уәкілетті органды анықтау;
• қайырымдылық ұйымдарды іске асырылған қайырымдылық бағдарламалар туралы есеп беруін міндеттейтін норманы енгізу;
• бірыңғай ақпараттық платформа – Қайырымдылық ұйымдарының тізілімін әзірлеу.
«Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс, гранттар және сыйлықтар туралы» Заңды жетілдірудің ұсынылған механимздері:
• халықаралық тәжірибе негізінде стратегиялық серіктестік механизмін енгізу ұсынылады, аталған механизм мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуінің жаңа деңгейін көздейді;
• орталық мемлекеттік органдарға Оператор арқылы гранттар құруға және ұсынуға өкілеттік беру.
Сонымен қатар, салыстыру үшін осы саладағы заңнамалық реттеудің шетелдік тәжірибесі келтірілген.

Жаңалықтар тізбесі

Халықтың өсуі мемлекет жүргізіп отырған отбасылық және демографиялық саясаттың оң динамикасын көрсетеді

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУҒА ҚАТЫСТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЕЛІЛЕР Бала тууды ынталандыру. Мемлекет елдегі және әлемдегі динамикалық экономикалық жағдайда бала тууды ынталандыру және...

Жалынды жастар — ел мерейі!

Жастар қай заманда, қай ғасырда болса да, қоғамдық өмірдің ең белсенді мүшелері саналған. Әрбір елдің даму көкжиегін, мәдени-рухани келбетін,...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда 1 қазан – Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік жиындар өтуде. Осындай іс-шаралардың бірі Ордабасы...

ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ: ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫЛАРЫ ӘЛЕМДІК РЕКОРД ОРНАТПАҚ

Бүгін 14 қыркүйек "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің 9-кезеңі басталды. 12 команда жалпы есеп бойынша 850-інші шақырымды бағындырмақ. Бұдан бөлек Астана...

САЙРАМ: Балалар үшін жазғы сауықтыру лагерінің екінші маусымының ашылуы өтті

Балалар үшін жазғы демалыстың нағыз қызық уақыты басталды. «Оқушылар үйі» МКҚК-нің балансындағы лагерьде жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын...

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЙОЗГАТ

Түриядағы екінші күніміз. Кайсериде таңғы ас ішіп, Иозгат қаласына жолға шығумен басталды. Жолдағы 1,5 сағат уақыт та босқа өтпеді....

Аудан орталығынан кіші футбол алаңшасы мен балалар ойын алаңы ашылды

Бүгін Шолаққорған ауылындағы С. Абуов көшесінің бойынан тұрғындар сұранысына орай «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы...

Бәйдібек: «Жасөспірім және заң!» тақырыбында жиын өтті

Боралдай ауылындағы және аудан орталығындағы мәдениет үйлерінде «Жасөспірім және заң!» тақырыбында аудандық ата-аналармен кездесу жиыны өтті. Кездесу жиындарына Түркістан...

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

«Қайырымдылық керуені» байқауына өтінім қабылдау жалғасуда. Игі іс жасап жарысатын азаматтар арасында өтетін конкурс республикалық көлемде биыл 5 рет...

Тағы да