Понедельник, 20 апреля, 2026

Ордабасы ауданында қыш зауыты іске қосылды.

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Ордабасыда қыш зауыты іске қосылды. Ордабасы ауданында жаңа қыш зауыты іске қосылды. Халқы еңбекқор аудан тағы бір кәсіпорынмен толықты. Нысанның лентасын қиюға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары  Арман Жетпісбаев  арнайы келді. Арман Жетпісбаев ауданға жасаған сапарында әуелі  Бадам ауыл округінде орналасқан «Karlskrona LC AB»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Аталған зауыт құю өнімдерін, стандартты емес және электр жабдықтарын өндіреді. Өндіріс орны 2016 жылы «Үдемелі индустриялды-инноваутялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның құны – 868,2 млн.теңге. 64 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 3 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өнімнің қазіргі таңда елімізде теңдесі жоқ. Зауыт қара металдардың көптеген түрінен құймалар шығарады. Құйма материалдар мен бөлшектердің сапасы экспресс-зертханаларда тексеруден өткізіледі.
Сапар аясында бірінші орынбасар Бадам ауылындағы «Қазақ-Түрік индустриялды аймағында» орналасқан «Green Technology industries» ЖШС-ның өндіріс орнымен де танысты. Зауыт полиэтилен бұйымдарын қайта өңдеумен, синтепон талшығын өндірумен айналысады. Жылына 15 000 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Құрылтайшылар- қытайлық инветорлар (49%). Инвестициялық құны – 6 млрд.800 млн.теңге. Зауытта бірінші кезеңде 100 адам, екінші кезеңде 150 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс орнында шығарылып жатқан өнімдер ішкі нарықтан бөлек  Ресей Федерациясына жөнелтілуде. Бұл аймақта электр тапшылығы сезіледі –дейді зауыт басшылығы. Облыс әкімі бұл мәселені назарға алатынын жеткізді.
Аудандағы айтулы жаңалық Бадам ауылдық округіндегі «Bokei» автоматтандырылған заманауи қыш зауытының іске қосылуы.  Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған зауыттың құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылдың шілде айында аяқталған. Тәулігіне 100 мың дана қыш шығаруға қауқарлы зауытта 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 200-250 мың теңгені құрайды. Жоба «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен жеңілдетілген 6% қаржыландырылған. Жобаның жалпы сомасы – 3 млрд.200 млн.теңгені құраса, жеке қаражаты есебінен 1 млрд.220 млн.теңге жұмсалған.Зауыт толығымен заманауи жабдықтармен жабдықталған. Қондырғылар Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалынған. Арман Жетпісбаев аталған өндіріс орнының әлеуетінің зор екенін, зауыт өнімін Түркістан облысынан бөлек еліміздің барлық аймақтарына жөнелтуге қауқарлы екенін айтып, инновациялық жобаларға мемлекет тарапынан қашанда қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Ордабасы ауданында бүгінгі таңда 40 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 30 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібі, 5 кәсіпорын тау-кен өндіру, 2 кәсіпорын электр энергиясымен жабдықтау, 2 кәсіпорын сумен жабдықтау салалары. Олардың өндірген өнімінің көлемі 2022 жылдың 9 айында  21 млрд. 189 млн. теңгені құрап отыр. Яғни, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,3 % құрап, 2 млрд.905,5 млн. теңгеге артты.
Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 105,1 млрд.теңге болатын 6 жоба іске асырылуда және 1 070 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.Одан бөлек, ауданда ағымдағы жылы инвестициялық құны 3,3 млрд.теңге болатын, 152 жаңа жұмыс орнын ашатын 5 жоба іске асырылуда.  жылдың 1-тоқсанында 13,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жылдың жоспар – 105,0 млрд.теңгенің өнімін өндірілген.

Жаңалықтар тізбесі

«e-tutynushy.kz» платформасы туралы білесіз бе?

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары "e-tutynushy.kz" (Бұдан әрі...

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен мұқтаж және көпбалалы отбасыларға кәсіп ашуға мүмкіндік беретін «Табысты отбасы» жобасы басталды. Бұл...

Оқушылардың құқықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданының білім бөліміне қарасты А.Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдын алдын алу» тақырыбында жоғары 9, 10, 11...

«Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдарға арналған жоспарлары орындалуда

"Халық қатысатын бюджет" жобасы - жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз...

Жастар дәуір рухының жаршылары.

Әр заманда өзіне тән дәуір рухы болады. Дәуір рухы дегеніміз – ұлттық рухты жалғастырушы әрі дамытушы құдіретті күш. Патриотизм...

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты спорттық іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру...

Қайырымдылық –жастарға  ортақ міндет

Бүгінгі таңда жастар арасында қайырымдылық бастамаларын қолға алғандардың қатары артып келеді. Бұл көңіл қуантады. Дана қазақ қашанда игі істерді...

Алғыс арқалаған абзал жан

  Адам өмірінің сақшысы саналатын ақ халатты абзал жандарға алғыс айтылып, құрмет көрcетіліп жататыны орынды. Қолы жеңіл, жылы сөзі дертке...

Тағы да