Воскресенье, 19 апреля, 2026

«e-tutynushy.kz» платформасы туралы білесіз бе?

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары «e-tutynushy.kz» (Бұдан әрі – платформа) платформасының жұмысы мен мақсатын Шымкент қаласының тұрғындарымен кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізілді.
Сонымен қатар, пайдаланушылармен кәсіпкер субъектілері платформаға тіркелуінің маңыздылығын және пайдаланушылар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуіне оң әсерін тигізуіне ықпал болатындығы айтылуда.
Платформаға тоқталатын болсақ, бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы елдегі ең проблемалы бағыттардың бірі болып табылады. Оның негізгі себебі: азаматтардың өз құқықтары мен заңдарын білмеуі, тараптардың жанжалдарды шешудегі қиындықтары, тұтынушылардың дауларды шешудегі әрекеттер алгоритмін білмеуі. Саланың оң жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында 2021 жылдан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол не үшін қажет, ол қандай мәселелерді шеше алады және ол қалай жұмыс істейді?
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейлерінде жүйелеуге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
E-tutynushy — өтініш форматында пайдаланушылар мен ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесуге арналған ақпараттық жүйе.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өздеріне қатысты тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары келіп түскен сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттың жалпыға бірдей қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы заңнама нормаларын түсіндіруге және өтініштерді қысқа мерзімде қарауға бағытталған. Платформа арқылы ұялы телефон немесе компьютер арқылы кез келген тұрғын e-tutynushy.kz өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады.
Тұрғындар күн сайын тауар сатып алады немесе белгілі бір қызмет түріне жүгінеді. Сатушылармен келіспейтін кездер болады. Мысалы, өнімді сатып алу кезінде тұтынушының құқықтары сақталмауы мүмкін. Бірыңғай ақпараттық жүйенің негізгі міндеті: туындаған мәселелерді шешу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл платформа тұтынушыларға, қызмет жеткізушілеріне, үкіметтік емес ұйымдарға және мемлекеттік органдарға арналған.
Бірыңғай ақпараттық жүйеге қалай шағым беруге болады? Бұл үшін тұтынушы сайттың басты бетіндегі «өтінішті жіберу» бөліміне өтіп, нысанды толтыруы тиіс. Негізгі шарт-заңды тұлға мен тұтынушының дау-дамайы шынымен болғанын растайтын құжаттың болуы. Бұдан басқа, тұтынушы өзінің толық атын, жеке сәйкестендіру нөмірін, электрондық мекенжайын және телефон нөмірін тіркеуі қажет. Бүгінгі таңда платформа жемісті жұмыс істейді.
Ал кәсіпкерлер келіп түскен шағымдарды қалай көреді? Ол үшін бизнес өкілдері Бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркелуі қажет. Бұл тұтынушылардың шағымдарын тікелей қабылдауға және туындаған дауларды уақтылы шешуге мүмкіндік береді.

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Жаңалықтар тізбесі

VI ТҮРІК КИНОСЫ АПТАЛЫҒЫ

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы...

Жастар ағаш отырғызып, игі іске үлес қосты

«АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ – САУАПТЫ ІС» «Ағаш отырғызу – сауапты іс». Дәл осы тақырып аясына топтасқан «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік...

Жалынды жастар — ел мерейі!

Жастар қай заманда, қай ғасырда болса да, қоғамдық өмірдің ең белсенді мүшелері саналған. Әрбір елдің даму көкжиегін, мәдени-рухани келбетін,...

Ордабасыдағы игі орталық.

«Шапағат» орталығының шапағаты бүкіл ордабасылықтарға тиіп отыр.  Әлеуметтік  орталық  ашылғалы бері 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсеткен. 4 АЙДА...

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Бүгін Отырар ауданындағы «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы лицей-интернатында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өтті. Алғаш рет...

Жастар- қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы.

Азаматтық тәрбиенің қоғамдық мемлекеттік жүйесінің мақсаты - өзіндік қызығушылықтармен қатар қоғамдық мемлекеттік қызығушылықтарды іске асыруға бағытталған әлеуметтік маңызды іс...

Ұлттық ойындарымызды ойнап жүрміз бе?

Бүгінгі бала – ертеңгі елдің болашағы, ұлттың жалғасы! Шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып...

ТҮРКІСТАН: Шардарада сабын өндіру отбасылық кәсіпке айналған

Бүгінде оңтүстік өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Соның бірі шардаралық кәсіпкер Айсұлу Баратова бауырларымен бірге шағын...

Түркияда шамамен 10 500 жәдігер табылған

Адамзат тарихының рухани серпілісмекені –  Анадолы өркениеттердің қайталанбас қазыналарына толы мекен ретінде ерекшеленеді. Тамыры терең тарихымен тамсандыратын бұл өлкеде...

Тағы да