Воскресенье, 19 апреля, 2026

70 немересі, 20 шөбересі бар: Түркістан облысында 24 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана тұрады

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы — батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова.

24 баланы дүниеге әкелген ана бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы батыр ана еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асуларына тілеулес жан. Еңбекке жастайынан араласып, ерте есейген ақ жаулықты ананың жастарға айтатын өсиеті жетерлік.

«Адамды адам еткен — еңбек» дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере, шөбере сүйіп отырмыз. Балаларымызды жақсы тәрбиелеуге тырыстық, еңбекті сүйіп өсірдік. Маңдай термен табылған нан қашанда тәтті», – дейді қарт ана.

Сапаркүл апа бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген аяулы ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979 жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» омырауына тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты.

Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында шаңырақтан береке алыстаған емес. Сапаркүл апаның перзенттері Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.

Батыр ана жолдасы екеуі бүгінде кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Түлкібас ауданында өнегелі іс атқарылды

Түлкібас ауданында тағы бір рухани іс-шара өтті. Аудан орталығының кіреберісінде «Ұлы дала қырандары» атты аллея ашылды. Шілменбет бабаға арналған...

Алтын ДОСАНОВА, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері: «Ең қуатты мемлекет – сәбилері сау, балалары бақытты мемлекет»

– Алтын Мейрамбайқызы, 60 жылдан астам тарихы бар облыстық балалар ауруханасы ұжымының бүгінгі жай-күйі, материалдық-техникалық базасы, мамандармен қамтамасыз етілуі...

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде қалада кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31...

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала...

«ТҮРКІСТАН АРУЫ-2022» АНЫҚТАЛДЫ

«Түркістан аруы» ұлттық сұлулық байқауы «Қазақстан аруы» ұлттық байқауының аясында ұйымдастырылып келеді. 2022 жылдың 1 қарашасында алғаш рет офлайн...

Тұрғын атаның тақиясы

Ауылдың келбеті кісі танымастай өзгерді. Алдымен жарқырап үлкен мектеп түсті. Іші тап-тұйнақтай, едені жып-жылтыр, есік-терезесі жап-жаңа. Кісі кірсе шыққысыз....

Аналар қауымымен еркін форматта кездесу өтті

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан, Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам. Бүгін аудан әкімі Нұржан...

Бақ қонған үй

Қазақ тумысынан балажан халық қой. 38 жасында 9 баланы дүниеге әкеліп, кеудесіне алтыннан алқа таққан шымкенттік Гүлмира Айтқұлова туралы...

Прокурор мекеме аралық жиын өткізді

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында уәкілетті органдармен...

Тағы да