
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі болатын маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуынада байланысты. Бұл жолы шымкенттік әскери патриот жастар Түркістан облыстық тарихи өлкетану мұражайына барды.
Патриот жастарға өңірді жан жақты таныстыру арқылы отанға деген махабатын оятуға болады дейді- аға буын. Тарихтан сыр шертетін жәдігерлерді көрсетіп ата бабамыздың ерлігі насихатталды. Қазақ елінің тарихы тереңде жатқандығына тағыда көз жетті. Мұндай шараның жас ұрпаққа берері мол.
Бүгінгі таңда мұражайда оның филиалдарымен бірге 88 709 экспонат жиналған, оның ішінде 57 640 негізгі қор және 32 869 ғылыми — қосалқы. Мұражайда 6500-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттері бар ғылыми кітапхана жұмыс істейді.
Әскери патриоттық тәрбиеәскери және әскери-қолданбалы бағыт практикалық сабақтар түрінде жүргізіледі және жалпыға бірдей әскери оқытуды, жастарды әскерлердің өмірі мен қызметімен, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының ерекшеліктерімен таныстыруды қамтиды.Бірінші кезекте азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу процесі өскелең ұрпақпен білім беру ұйымдарында, атап айтқанда: мектептерде, колледждерде, ЖОО-ларда жүргізіледі.
