Воскресенье, 19 апреля, 2026

Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аманаттар орындалуда

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Әлеуметтік желіде қазақтың еменнің иір бұтағындай қайратты жігіті Бәйкен Әшірбаев досым туралы жылы лебіздер жазылыпты. Осыған орай біз білетін Бәйкеннің кейбір қырларын айта кеткенді жөн көрдік.
Әдетте, ел ішіндегі епті, көптен дараланған азаматтар Мәжіліс, мәслихаттың дуына түсерде тым жанығып кетеді. Бір қарасаң, елге азық-түлік таратып жатады. Бір қарасаң, қираған көпірді жөндеп, лентасын қиып жатады. Ел алдында еміреніп сөйлеп тұрғанын тағы көресің. Халық сенім білдіріп депутаттыққа сайласа аспандағы айды алып береді екен. Депутат болса қой үстіне бозторғай жұмыртқалататын екен.
Болғаны болды, болмағаны уәдесін жұтып қояды. Бес саусақ бірдей еместігі сияқты, араларында осындай қайығы судан өткенше уәде бергіштер көптігін ел біліп болды.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Бәйкен Әшірбаевты біз таныған кезде мансап біткеннен аулақ кәсіпкер болатын. Бірде ауылдағы кеудесі алтын сандық қариялардан естіп қалдық. Осы Бәйкен жыл сайын КамАЗ-ды ауыл шетіне тіреп қойып, тегін азық-түлік үлестірер екен. Қап-қап ұн, қант, сұйық май сияқты күнделікті тұтынатын азықты жағдайы келіңкіремей жүрген ағайынға бөліп береді.
— Ау, біреулер бір жетімге қытайдың арзан күртесін кигізсе жаһанға жар салады, сенікі не?,-десең.
— «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмеуі керек» деген бар. Осы елдің азаматы болып дәулетіміз артып жатқан соң әлсізге көмектесу парызымыз дейтін.
Бүгінде арда азамат-халық қалаулысы. «Nur Otan» партиясынан мәслихатқа үміткер болып, сайлауға түсті. Қатардағы үндемес депутат емес, сөзі мен ісін қатар алып жүретін азамат. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы аманаттардың орындалуына қайраткерлік танытып бел ортасында жүр.
Жақсы дос, жақсы інімізге ел үшін істеп жатқан еңбектері баянды болсын дегіміз келеді. Мемлекетіміздің мәртебесі биіктей берсін.

Бақтияр Тайжан

Жаңалықтар тізбесі

Б.Аширбаев құрылыс нысандарын бақылау жұмысына қатысты

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Колледждерде білім сапасы қандай?

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысының күн тәртібінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер...

Түркістандағы қазақ-түрік университетіне -30 жыл

  Тәуелсіздіктің Түркістандағы тұңғыш тұғыры - Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университеті деп нақты айта аламыз.  Биыл осы халықаралық университеттің...

ТҮРКІСТАН: «Серпін» білім іздеген жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Шілденің 13-нен бері «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздегі 18 ЖОО-ның өкілдері Түркістан қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен Қ.А. Ясауи атындағы...

Питер Фостер: «Компания үшін қиын кезеңде Halyk сенімді серіктес болды»

    Air Astana президенті Питер Фостер тілшімізге берген сұхбатында жаһандық пандемия кезінде және 2022 жылдың қаңтарындағы оқиғалар кезінде авиация үшін...

18 қазан – рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Айтулы күнде, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов діни бірлестік өкілдерімен кездесіп, оларды арнайы...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде энергетика саласын дамыту, тарифтерді қадағалау, осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды....

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ, ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

Бүгін Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар таратылды. Енді алдағы Парламент және мәслихаттар сайлауы жаңа саяси бәсекелестік жағдайында өтеді. Бүгінгі...

Измирге гастро-туристер де көп барады

Түріктер «Эгей теңізінің інжу-маржаны» атайтын Измир – көрнекті туристік орын. Әсем қалаға гастро-туристер де көп барады. Аймақтағы аспаздық шөптер...

Тағы да