
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барлық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен бірыңғай қабылдау өткізді. Бастама облыстың оңтүстік аудандарында өтті. Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарының 200-ге жуық тұрғыны көкейдегі ойларын, ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімімен бірге тұрғындарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық прокуротура қызметкерлері де қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды. Өңір басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, тиісті
ИШардара, Жетісай, Мақтааралдағы бірыңғай қабылдауларда әр түрлі себептермен қиын жағдайларға тап болып, жәрдем сұрап келгендердің тізімі алынып, шешу жолдары қаралды. Тұрғындар тарапынан жер телімдерін заңдастыру, білім саласы, жеке кәсіпкерлік саласы, әлеуметтік қолдау, білім және өзге де салалар бойынша мәселелер көтерілді. Сот шешімдерімен келіспеушілік туралы сұрақтар аз болған жоқ. Барлығының шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, мәселелер тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді. Жеке мәселесін қозғап келген тұрғындарға шешім реті мен заңдылығы түсіндірілді.
Ералиев ауыл округінің тұрғындары балабақшаларды қаржыландырудағы кемшіліктерді айтты.
Жалпы үш аудан бойынша 200-ге жуық тұрғынның өтініштері қабылданды. Тұрғындар түрлі мәселелерді көтеріп, басшылармен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, нақты жұмыс жүреді.
