
Жастармен әлеуметік жұмыс жүргізу – бұл әрбір жеке жаспен немесе жастар тобымен әлеуметтік қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында қоғамда жағдай туғызу.
Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты – бұл жастардың өз проблемаларын өздері шешуге үйрету, нарықтық – экономиканың жаңа әлеуметтік экономика жағдайына бейімдеу, өз өмірін өзі құруға және ұйымдастыруға дағдыландыру. Мұндай жастарды мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдырдың жиынтығы, жастарды қорғаудың және көмек көрсетудің арнайы мекемелері атқарады.
Қазіргі кезең жағдайында Республикада мынадай әлеуметтік қызметтердің анықталған құрылымы бар:
1. Жастарға әлеуметтік — психологиялық және құқықтық консультация
а). Әлеуметтік – құқықтық көмек. Мұнда панахана, қонақ үй, мамандық таңдауға бағыт беру кабинеті. Мәдени – спорттық комплекс, еңбек биржасы, құқықтық консультация .
б). Психолого – медико – педагогикалық көмек бөлімі. Бұның ішінде диагностико – психологиялық пункт, ата – аналар үшін консультативтік, анонимді қабылдау пункті, кризисті стационар енеді.
2.Жастарды расоциолизациялау орталығы – бұл кәмелеттік жастарға
Осы орталықтың құрылымдық бөлімшесіне телефон арқылы кеңес беру бөлімі, психологиялық кабинет, консультациялық пункт және т.б. кіреді.
3. Жеткіншектерге арналған
4. Жастардың еңбек биржасы.
Жұмыспен қамту облысында әлеуметтік қызметкердің жастармен жүргізетін жұмысы ең алдымен қоғамның мобильді бөлігі ретіндегі жастардың өзімен тығыз байланысты.
Әлеуметтік қызметкер еңбек өміріне жаңа қадам басқан жас азаматқа бастапқы жұмыс орнымен қамтылуына күш салуы керек. Бұған халықтың жастар категориясында еңбекке орналасудағы квотаны белгілеу шарасын қолдану қажет.
Еңбекке қатысудың маңызды проблемалары оқу орындарын жаңа бітірген түлектер арасында көп. Бұл жерде әлеуметтік қызметкер оқу орнының дирекциясы мен жұмыс берушінің арасында тікелей келісім – шартты ұйымдастыруы керек.
Жастардың әлеуметтік дамуының түрлі ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер ең алдымен бұл жүйеде жастардың субьективтілігінің аяқталмаған спецификасын құрайтын жастардың мәнінде жатыр. Сондықтан жастар қоғамдық өндірістің қалыптасушы субъектісі ретінде мынадай негізгі әлеуметтік функцияларды атқарады
- өндірістік
- инновациялық
- трансляциялық
Қазіргі кезде жастардың мінез – құлқында, өмірге көзқарасында бұрынғы ұрпақтарға тән емес түрлі өзгешеліктер пайда болады. Ал бұлар жастардың әлеуметтену механизмдеріне өзгерістер әкеліп, қоғам мен жасар арсындағы конфликт сферасын кеңейте түседі.
