Понедельник, 20 апреля, 2026

Тәрбие әлсіреген жерде қылмыс өршиді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Өскелең ұрпақ тәрбиесі  бүгінгі заманның күрделі де көкейтесті мәселелерінің біріне айналды. «Босағасын алтыннан соқсаң-дағы, перзент сүймей, адамның мейірі қанбас» деп Шал ақын айтқандай, адам өмірінің мәні артында қалған ұрпағымен өлшенетіні анық. Әсіресе, қазақ халқы үшін баланың өмірге келуінің өзі үлкен оқиға. Баланың дүниеге келген күнінен бастап өмірге басқан әр қадамын тойға балайтын қазақ ұрпағының өсіп-өнуіне ғана емес, оның тәрбиесіне де барынша көңіл бөлген.
Айтпасқа болмас, соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік қылмыстар көбейіп кетті. Басқа өңірлерді айтпағанда, Түркістан облысында болған соңғы оқиғалар ешкімді де бей-жай қалдырмады. Мәселен, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Төрткүл ауылында өрімдей қыздың өмірін қиған жағдай жұрттың жанын түршіктірсе, таяуда Түркістанның іргесінде орналасқан Құсшы ата ауылында мектеп оқушылары екіге бөлініп, бірін-бірі аяусыз соққыға жыққан. Міне, жасөспірімдердің осындай өрескел әрекеттерін көргеннен кейін балалар неге қатыгез болып барады деп ойланбасқа шараң жоқ. Өкінішке қарай, бұл жағдайлардың әлеуметтік-психологиялық себептеріне де үңіліп жатқан ешкім жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше Түркістанда өткен құрылтайда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың кең етек алып кеткеніне алаңдаушылық білдірді.
– Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Бүгінгі интернет дәуірінде бұл оңай шаруа емес. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі.
Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Ұрпақ тәрбиесіне ықпал ететін шараларға баса мән беруіміз керек. Бұл салада кемшіліктер көп екені жасырын емес. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр. Соңғы кездері оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиілеп кетті. Оны тіпті бейнетаспаға түсіріп, әлеуметтік желіге салу «сәнге» айналды. Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Тәртіпсіз, тәрбиесіз бала қайдан шығады дейміз. Мойындауымыз керек, қазіргі қоғамда ата-аналардың жағдайы балаға тәрбие беруден гөрі күнкөріс қамынан аспай қалды. Яғни жұмысбастылық, табыстың аздығы, несиеге шырмалу секілді әлеуметтік қажеттілік бірінші орынға шығып, бала тәрбиесі екінші орынға сырғыды. Мемлекет те қоғамдағы отбасы мәселелерінен сырт қалды. Бұл тұрғыда бізге Жапония мен Германияның жастарды тәрбиелеудегі мемлекеттік идеологиясынан үлгі алудың еш артықтығы жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олар сол идеологияның арқасында мемлекетті аяққа тұрғызып, әлемдік аренада өздерінің орнын белгілеп алды.
Бізде де тәрбие дінмен, мемлекет саясатымен, салт-дәстүрмен және ұлттың менталитетімен үйлесуі керек. Сонда ғана ол өзінің нәтижесін береді. Ал, балалар арасындағы әлімжеттік, тәртіпсіздік, қатыгездік тәрбие институтының құндылық ретінде жойылып кетуінен орын алып отыр. Шындығын айту керек, бұл институт бүгінде өзінің рөлін дұрыстап атқара алмай отыр. Егер қазақ халқының сан ғасырдан бері келе жатқан тәрбие қағидаларын көзін тауып қолдана білсек, бүгінгі күннің талай кемшілігін түзеткен болар едік. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деген екен. Демек, адам ұрпағымен ұлы, келешегімен кемел болатын болса, мұның түп-тамыры тәлім-тәрбиеде жатыр деген сөз.
Қорыта айтқанда, балалар арасындағы қатыгездіктің көбейгенін мамандар қоғамдағы тәрбие институтының әлсіреуінен десе, тәртіп сақшылары мұны ата-ананың жұмысбастылығымен және оқушылардың бос уақытының көптігімен байланыстырады. Әрине, әр оқиғаның себеп-салдары әрқилы екені анық. Десе де, мұндай мәселенің Ұлттық құрылтайда қозғалуының өзі ұрпақ тәрбиесінде бағамдап қарайтын, жүйеге келтіретін шаруаның көп екенін аңғартады.

Оспанғазы ЖАНҚОЖАЕВ,
облыстық ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы,
полиция полковнигі.

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Сайрамдық азамат теріскейде 400 сиыр бағып шаруасын дөңгелетіп отыр

Павлодар облысы, Константиновка ауылында Зорёд Мавланов есімді сайрамдық азамат тұрады. Ол теріскейге 2019 жылы көшіп келген. Жас кәсіпкердің бүгінде...

«Әр құрақшының өз стилі бар»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленген болатын. Онда шағын және орта...

ШОБ үшін Қазақстандағы үздік банк анықталды

Global Finance халықаралық беделді қаржылық басылымы Best SME Bank Awards сыйлығы шеңберінде Halyk Bank “2021 жылғы Қазақстандағы шағын және орта бизнес...

Түркістан облысында «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Сарыағаш ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыс бар. Сарыағаштық шаруалар жылына екі рет өнім алады. Аудан әкімі М.Отаршиев Ынтымақ...

Демографиялық өсім экономикаға дем береді

Қазақстанның демогра­фиясы – бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын­да маңызды рөл атқаратын күрделі және көп қырлы сала. Ағымдағы демографиялық ахуалды...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АЯЛДАМАЛАРДЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЕТІП ЖАБДЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫМ

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары аяқталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында «Халық қатысатын бюджет» жобасы Еңбекші ауданында...

Шардаралық кәсіпкер отбасылық бизнесті дамытып отыр

Түркістан өңіріндегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне жан-жақты жасалып жатқан жағдайларды тиімді пайдалана білген шардаралық кәсіп иесі Айсұлу...

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫ 10,3 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға...

Тағы да