Воскресенье, 19 апреля, 2026

Жастар тәрбиесі — ұлт болашағының кепілі

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазағымыздың дана сөздерінде  «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» деп айтқан. Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр ана-қыздарымыз болғаны ақиқат. Имани тұлғалы бойына қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, ұяңдық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, имандылық сияқты қасиеттерді сіңірген Домалақ ана, Айша Бибі сияқты арулар нағыз ата-ана тәрбиесімен өсіп өнген емес пе?! Ата-ананың бойында тазалық, имандылық болса, дүниеге келген ұрпақ та саналы болады.  Тәрбие тек дүниеге келгенде емес, ана құрсағынан басталары анық, Бірде бір кісі жасқа толған баласын алып, данышпан кісінің алдына келеді де: «Баламды, қалай тәрбиелесем болады?» деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Сен бір жыл, тоғыз айға кешіктің» деген  екен. Ал тәй-тәй басқан баланың бойына мұсылман әдептерін, ислам қағидаларын сіңіруден кеш қалмауға тырысуымыз қажет. Қазағымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз дана Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз,  дәретсіз баласына жоламаған анасы Ұлжанды қалайша ескеріп кетпеске. Жоғарғыдан көргеніміздей бала тәрбиесі соның ішіндегі қыз бала тәрбиесінің моральдық және тұлғалық тәрбиесі міне, ата-ананың нағыз атқаруы тиіс миссиясы. «Ұл бұзылса отбасының бұзылғаны, қыз бұзылса — ұлттың бұзылғаны» деп қыз бала тәрбиесінің салмақты екенін аңғартады. Халқымыз «қыз – қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Шыбық кезінде ағашыңызды дұрыстап қарасаңыз ғана жемісің жерсіз, сонда ғана еңбегіңіз зая кетпесі анық. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» деген бабаларымыз, «қызды қырық үйден тыюмен» шектелмейді, қыз баланың бойына асыл қасиеттерді сіңіру тек құлаққа құюмен, ақыл айтумен ғана шектелмейді, үлгі — өнеге көрсету қажет.  Көргенділік, ізеттілік, сәби кезінен ана сүтімен бойға сіңеді. Үлкеннің жолын кеспеу, айқайлап сөйлемеу, қатты күлмеу, ыдыс аяқты салдырлатпау, үлкендерден жоғары отырмау тіпті қыз баланың жүріс-тұрысына, киіміне, дауыс ырғағына, қимыл-қозғалысына дейін қыз баланың тәрбиесіне аса зор мән беріп, көңіл қоюдың жауапкершілігін сездіреді. Заманауи талаптарына сай деген сылтаумен, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеу арқылы керексіз, қазаққа жат, әдебімізге жат дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмаймыз деп, орынды-орынсыз киініп, қазақилық, имандылықтан алыстататын нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өз ана тілін қадырлемеген адамның салт-дәстүрінен хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Әрбір ата-ана мынаны білуі керек. Неліктен Алла Елшісі (с.ғ.с.) біздің назарымызды қыз тәрбиесіне аударады? Бұл кездейсоқ емес. Неге? Себебі сіз қыз өсірсеңіз, ұрпақ өсірдіңіз. Егер сіз қызыңызды сеніммен, Алла Тағалаға мойынсұнумен нағыз тәрбие берсеңіз, бұл оның бүкіл бір ұрпақты иманды тәрбиелейтінін білдіреді. Қыз тәрбиелеу арқылы сіз бүкіл ұрпақ тәрбиесіне негіз қалап отырсыз. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке  баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелесек, онда нұр үстіне нұр болар еді. Алла баршамызға Ислам дінімен өмір сүріп, салихалы ұрпақ тәрбиелеуімізді нәсіп еткей.

Жаңалықтар тізбесі

Ол үйдің ұл-қыздарының осалы жоқ

Қызылкөл елді мекеніндегі (Созақ ауданы)М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жылқыбай Рысқұлбековті шәкірттері өздеріне етене...

«Мақсатымыз – түбі бір түркі елдерін жақындастыру»: Алматыда ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

  Түркі елдерінің ақпарат құралдары мен журналистері қысқамерзімді және ұзақмерзімді стратегиялық жоспарларды құра отырып, мақсатты да үздіксіз дамуға мүдделі. Бұл...

Шардара: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері талқыланды

Бүгін кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандық әкімдік ғимаратында жиын өтті. Жиынға комиссия мүшелері:...

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершілік күшейтілді

1 шілдеден бастап полиция өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық...

ШАРДАРА:«Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты жастар форумы өтті

Жастар форумына аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан...

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 2021 жылдың 20 және 27 қарашасында (сенбі күндері) Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-да 09:00-ден...

Еңбек адамдары құрметке лайықты!

Еңбек адамдарына құрмет күшейеді. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі». Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың биылғы...

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жаңа технологиялар...

Ордабасы ауданы жастары белсенділік танытуда.

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде «интелектуалды ұлт - ел болашағы» тақырыбында шахмат ойыны өтті.  50 ден аса бала интелектуалды...

Тағы да