
Алғаш рет «Car Fest 2022» автофестивалі өтті. Автошоу шаһарда алғаш рет ұйымастырылып отыр «Арғымақ» автокөлік базарында өткен шараға жергілікті автофанаттардан өзге Түркістан облысы мен өзге өңірлерден белсенді жүргізушілер қатысты.
«Car Fest» үшінші мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін Шымкенттік автосүйерлер көрші елдерде өтетін фестивальге қатысып келген болса, фанаттар енді Қазақстанда ұйымдастырғанды жөн көріпті. Авто байқауға еліміздің өзге аймақтарынан келіп қатысушылар көп.
Авто фестивальде келушілер эксклюзивті көлік иелерімен, каскадерлермен, дрифтерлермен тілдесіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алды. Фестивальдің мақсаты жастардың уақытын тиімді өткізуге және жат қылықтн арылтуға бағытталған.
Авто шоуда үш номинация бойынша үздіктер анықталды. Қатысушылар үздік «дрифт», үздік «авто дыбыс» және үздік «дыбыс зорайтқыш» номинациясы бойынша марапатталды. Айта өтейік ұйымдастырушылар келесі авто шоуға Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің авто фонаттарын шақыруды жоспарлап отыр.
