Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түлкібасқа келін болған корей қызы қазақтың салт-дәстүрін күнделікті тұрмыста ұстанып жүр

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына келін болып түскен оңтүстіккореялық Суджин Ли жайында әлеуметтік желілерде аз айтылған жоқ. Бүгінде қазақ жеріне бауыр басып, салт-дәстүрін меңгере бастаған келінге әулеті дән риза.

Корей қызымен отау құрған жігіттің есімі – Сәкен. Оңтүстік Кореяда 5 жыл жұмыс істеген ол жұбайымен сол жақта танысыпты. Сөзінше, достықтан басталған сезім махаббатқа ұласыпты. Ал ата-аналары жастардың бірге болуына қарсылық танытпаған. Тіпті дәстүр бойынша беташар өтіп, некелері мешітте қиылған.

— Ата-анасын көріп, таныстым. Сосын рұқсатын берген соң елге алып келдім. Ал әйелім өзі корей тілін үйретті, – дейді Сәкен Бауыржан.

Бүгінде Суджин жұбайымен бірге Түлкібас ауданында тұрады. Ет асу және бауырсақ пісірудің қыр-сырын абысындары мен енесі үйретеді екен. Өзінің айтуынша, үйлену туралы ұсыныс жасағанда қатты қобалжыпты. Себебі қазақ тілін мүлдем білмейді екен. Ал енесі корейлік келінінің қазақ тілін меңгеруге деген ынтасы үлкен екенін айтады.

– Шәй ішіңіздер деп шақырады. «Апа» деп ізет танытып тұрады. Ал кішкентай балаларды бірден ойнатып кетеді. Қазақтың тағамына да үйренді, – дейді Нағима Мақұлбекова.

Қайынатасы Бауыржан Мақұлбеков келіннің сәлем салып, ата-енеге иіліп тұратынын айтып, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ ол құжаттар жағы қиындық туғызып жатқандығын айта келе, елшіліктен көмек болса деген өтінішін де жеткізді. Ақсақалдың айтуынша, келіннің құжаттары реттелсе, кореялық құдаларды шақырып дүркіретіп той өткізбек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Тәрбие мен сапалы білім -жарқын болашақ кепілі

  Тәрбиемен  білім қатар берілсе, елін сүйген патриоттар саны артады. Қазір қоғамда ата-ана мен мектеп арасында байланыс ажырап бара жатқандығы...

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістанда «Түркістан Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Білім ұясының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев,...

Lady Gaga and Cardi B Meet at the Grammys

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Chance the Rapper releasing debut album this summer

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Қазақ бала «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)»-ТЕ алтын медаль алды

Алматы қаласы Алмалы ауданы N°24 лицейдің 10-сынып оқушысы Халбай Дияр Индонезияда өткен «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF-2023)» халықаралық...

Қазақстанда халық саны 19 млн. 854 мыңға жетті

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны - 19...

Түркістандық велошабандоздарға спорттық киім табысталды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бастаған ұжым...

11 елдімекенге тартылған ғаламтор желілеріне мониторинг жүргізілді

Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі ретінде, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға...

Caster Semenya will be forced to alter her body to comfort slower runners

 The main thing that you have to remember on this journey is just be nice to everyone and always...

Тағы да