Понедельник, 20 апреля, 2026

Демографиялық өсім экономикаға дем береді

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Қазақстанның демогра­фиясы – бұл елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын­да маңызды рөл атқаратын күрделі және көп қырлы сала.

Ағымдағы демографиялық ахуалды және оның үрдістерін түсіну бізге әлеуметтік маңы­зы жоғары салалардағы тиім­ді стратегиялар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстан халқының ресми саны 2023 жылдың 1 қыр­күйегінде 19 млн 944 мың 726 адам­ға жеткен. Халық санының 20 мил­лионға жуықтағаны білім, еңбек нарығы және денсаулық сақтау секілді салаларға салмақ түсіретіні анық.

Жақында Венгрияда өткен «Отбасы: қауіпсіздік кілті» атты V Будапешт демографиялық сам­митінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан­ның бірқатар демографиялық ерекшеліктеріне тоқталып өткен болатын. «Қазақстан – жас ел, қазақстандықтардың орташа жасы – 32 жас. Халық құрылымында Жастар шамамен 30%-ға жуық. Демографтар тәуекелдер туралы жиі сөз қозғайды. Бірақ біз жас­тардың энергиясын мемлекеттің даму мүмкіндігіне айналдыру үшін жұмыс істейміз», – деді министр. Сондай-ақ, қазақстандық сая­саткер Қазақстанның отбасылық-демографиялық саясатын қалы­п­тастырудың институционалдық негіздерін дамыту, оның ішінде реформалар мен әлеуметтік қолдау жүйесі, отбасының цифрлы карта­сын енгізу және елде іске асыры­лып жатқан бірқатар арнайы бағ­дарлама туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамына сәйкес Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 8,2 млн адамға өсіп, 27,8 млн адам­ға жетуі мүмкін.

Ал сегіз өңірдің халық саны 869 мың адамға қысқармақ. Олардың қатарына Абай (92 мыңға), Ақмола (80 мыңға), Қарағанды (99 мыңға), Қостанай (181 мыңға), Павлодар (100 мыңға), Солтүстік Қазақстан (182 мыңға), Ұлытау (15 мыңға), Шығыс Қазақстан (120 мыңға) облыстары бар. Басқа да өңір­лердегі халық саны 9 млн адамға өспек, оның ішінде Астана, Ал­маты және Шымкент қалаларында 4,2 млн адамға ұлғаяды. Олардың қатарында Ақтөбе (326 мың), Алматы (800 мың), Атырау (350 мың), Батыс Қазақстан (112 мың), Жамбыл (657 мың), Жетісу (512 мың), Қызылорда (328 мың), Маңғыстау (723 мың) және Түр­кістан (994 мың адамға) облыстары да бар.

Урбанизация деңгейі 2022 жылғы 62 пайызбен салыстырғанда 2050 жылға қарай 67 пайызға жетуі мүмкін. Қала халқының саны 6,6 млн адамға немесе 55 пайызға өседі деп күтілуде, ал ауылдық жер­лерде өсім 1,5 млн адамды немесе 21% құрайды.

Алдағы жылдары туу көр­сеткіші жылына 390 мың адамға жетсе, 2028 жылға қарай 400 мың жаңа туған нәресте тіркелуі мүмкін. Ал 2036-2037 жылдарға қарай олардың саны 500 мың адамнан асып түседі. Қазақстанда жылдық туу көр­сеткіші 2050 жылға қарай 600 мың адамға жуықтайды. 2022-2050 жыл­дары 13,6-дан 16,3 млн-ға дейін, оның 64% қалалық жер­лерде, 36% ауылдық жерлерде туады деген болжам бар.

Орталық мамандары мектеп жасындағы халық саны (6-18 жас) 2027 жылға қарай 5 млн-ға дейін артатынын жеткізді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 6,5 млн-ға жетпек. Мегаполистердегі халық саны, оның ішінде Астана қала­сында – 251 мың, Шымкент қаласында – 250 мың, Алматы қаласында 178 мыңға артады. Сон­дай-ақ Түркістан облысында мек­теп жасындағы халық санының 342 мыңға, Жамбыл облысында – 212 мыңға, Алматы облысында – 211 мыңға, Маңғыстауда 190 мың адамға артады.

Дегенмен, қазіргі жастардың ең ересек және экономикалық бел­сенді бөлігі дүниеге келген 1990 жылдардың аяғындағы теріс де­мографиялық көрсеткіш әсерінен 2024 жылға қарай жастар жұмыс күшінің саны 1,8-ден 1,7 млн адамға дейін азаяды. Керісінше, 2030 жылға қарай оның саны 2,2 млн адамға дейін, ал 2035 жылға қарай 2,7 млн адамға дейін өседі. Осылайша, алдағы 13 жылда

1 миллионға жуық жұмыс орнына қажеттілік туындамақ.

Еңбекке қабілетті жастан асқан халық саны 2030 жылға қарай 25%-ға, ал 2050 жылға қарай 1,7 есе өседі. Еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халық саны 2030 жылға қарай небәрі 2%-ға, еңбекке қабілетті жастағы — 11%-ға өседі, бұл ретте 2050 жылға қарай өсім тиісінше 41% және 36% құрайды. Осылайша, егде жастағы халықтың саны басқа санаттармен салыс­тырғанда жылдам өспек. 2034 жылға қарай Қазақстандағы жұмыс күшінің саны 10 млн адамға жетеді. Сарапшылар 2000-шы жылдардағы «бэби бум» кезеңінде туылған ұрпақтың еңбек нарығына келуіне байланысты 2030 жылдан бастап жыл сайынғы жұмыс кү­шінің өсу қарқыны жылдамдайды деген пікірде. 2050 жылға қарай жұмыс күшінің саны демография­лық көрсеткіштердің динами­касына байланысты 11-12,5 млн адамға жетуі мүмкін, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 18-34% өсімге сәйкес келеді. Бірқатар өңірде (негізінен солтүстік, ор­талық және шығыс) жұмыс күшінің саны 25-тен 45%-ға дейін қысқаруы мүмкін, ал Астана және Шымкент қалаларында ол екі есеге көбейеді.

Осы орайда Үкімет 2035 жылы Астанада 2,5 миллион адам өмір сүретінін есепке ала отырып, инфрақұрылымды реттеуді қолға алды. Сонымен бірге 2000 жыл­дың басында қабылданған бас жоспар қайта қаралып, мек­теп­тері, бала­бақшалар, басқа да әлеу­меттік нысандар, тұрғын үйлер мен ин­женерлік инфра­құрылым жоспары жаңарады. Бұған дейін елордадағы халық саны 2030 жылға қарай 1 миллион 200 мың адам болады деп жос­парланса, мегаполистегі халық саны бұл көрсеткіштен 2020 жылдың өзінде асып түскен.

Бүгінде тек «жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 24 мек­тептің құрылысы жоспар­ланып, алдағы уақытта ірі габаритті мектептер салынбақ. Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының мәліметтеріне сүйенсек, халық санының азаюы Қазақстандағы экономиканың өсу қарқынының айтарлықтай төмендеуіне ықпал еткенін көреміз. Мәселен, Қа­зақстан тәуелсіздік алған сәттен бас­тап халық санында түбегейлі өз­герістерге ұшырады. 1993 жыл­дан бастап саяси және эконо­микалық күйзелістерден кейін жаппай эмиграция басталды. 1992-2002 жылдар аралығында Қа­зақстан халқы 16,5 миллионнан 14,9 миллионға дейін қысқарғанын көреміз. Қала халқы 1992 жылғы 9,4 миллионнан 2000 жылы 8,4 миллионға дейін азайып, ал ауыл халқы 1994 жылғы 7,2 миллионнан 2003 жылы 6,4 миллионға дейін төмендеген. Тек 2012 жылы ғана Қазақстан халқы бастапқы кезең­нің көрсеткішінен асып түсіп,16,7 млн адамға жетті. Салыстырар болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында Қазақстан эконо­микалық өсімі де теріс көрсеткіш­пен сипатталады. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, 1991 жылы өсу қарқыны –11%, ал 1994 жылы ең төменгі көрсеткіш 12,6%-ға жетті.

Қазір Қазақстан демогра­фиялық жағдайға байланысты сын-қатерлер мен міндеттердің алдында тұр. Мемлекет тұрақты дамуды, әлеуметтік тұрақ­ты­лықты және экономикалық өсуді қам­тамасыз ету үшін демогра­фиялық процестерді басқаруға тырысады. Бұған отбасын жос­парлау бағдар­ламалары, аналар мен балаларды қолдау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына инвестициялар кіреді. Дегенмен сарапшылар бұл саланы бас­қаратын арнаулы ведомствоның жоғын алға тартуда. Бүгінгі зерт­теулер тек статисти­камен шек­теліп отыр. Мұның салдарын біз экономиканың өзге де салалары­нан көретініміз анық.

Кәмила Еркін

Жаңалықтар тізбесі

«Үміт» форумының кезекті жиыны өтті

Қазығұрт ауданы орталығында орналасқан Мәдениет сарайында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Үміт» форумының ХІІ-ші жиыны өтті. Аталған жиынға...

«ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Мемлекетімізден жастарды қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар жүзеге асуда. Солардың бірі жастарды баспанамен қамту мәселесі. Жастар үшін маңызды ақпарат: 29...

«АТА — АНА — ҰСТАЗ — ОҚУШЫ: Болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақырыбында облыстық форум өтті

Бүгін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас аудандық Мәдениет үйінде «АТА-АНА –...

Дөңгелек үстелде қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сотта қарау кезінде кездескен проблемалық мәселелер талқыланды

Түркістан облысы прокурорының міндетін атқарушы Саян Шаймұратұлы Келдібековтің төрағалық етуімен қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта қарау...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕКТЕП ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Республика күні қарсаңында Орал Нарбаев атындағы 150 орындық бастауыш мектебі мен «Ай-Фарма» медициналық орталығы пайдалануға...

Кәсіпкерлік — қоғам қанаты

Осы жиыннан кейін Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов...

Шардара ауданының шаруаларымен кездесу өтті. 

Әрбір кездесу аудандағы мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталатыны  рас. Осы мақсатта Шардара жұртшылығы, әсіресе шаруалар  игі істерге ұйытқы болсақ дейді....

Республикалық пәндік олимпиадаға 90 мыңдай ауыл оқушысы қатысуда

Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Бірінші республикалық олимпиада басталды. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту...

Сабақ беру тәсілдері заманауи цифрландыру жүйесімен қамтылған мектеп

  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске...

Тағы да