Воскресенье, 19 апреля, 2026

Түркістандық оқушы «Ақылды сөмке» жасап шығарды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

Түркістандық оқушы өзі жүретін «ақылды сөмке» жасап шығарды. Сөмкені иесі пультпен басқарып жылжыта алады. Қисық жол мен шоқалақтан да оңай өткізуге болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағартау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Төрткүл» жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек өзі ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап, көпті таңқалдырды. Оған бұл ой мұқтаждықтан туған. Айтуар 1 жыл бұрын жол апатына түсіп, күрделі ота жасалады. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тиым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақта қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жол іздеп тапты.

«Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектеседі», — дейді Айтуар.

Айтуардың бұл идеясын анасы да қолдап, дизайннына мән береді. Ұлы ойлап тапқан тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға да шығару ойында бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Жаңалықтар тізбесі

Жастар дәуір рухының жаршылары.

Әр заманда өзіне тән дәуір рухы болады. Дәуір рухы дегеніміз – ұлттық рухты жалғастырушы әрі дамытушы құдіретті күш. Патриотизм...

Елімізде ажырасу көбейді. Бұл туралы маман не дейді?

Соңғы жылдары Қазақстанда ажырасқан отбасылардың саны арта түскен. Статистика бойынша, еліміздегі әрбір үшінші отбасы екі жаққа кетуге бел буады....

Жасампаз жастар — жарқын болашақ!

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық.Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге...

Алматыдағы “Музей түні”

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Осы мереке аясында әлемнің 150 елінде «Музей түні» акциясы өтеді. Сондай дүбірлі мереке...

Мәулен Әшімбаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды қатайтуға дайынбыз

Бұл бағыттарда тиісті министрліктер, мемлекеттік органдар жұмыстарды атқарып жатыр. Бірақ ол жеткіліксіз шығар. Сенатор Мәулен Әшімбаев тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды...

ЖАҢА БАСТАМАЛАР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтетін болды. Президент бұл...

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: МОНОПОЛИЯНЫ ЖОЮ – ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

  Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жариялап, онда елдің алдағы уақыттағы даму жүйесін, жүрер жолын,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА NEET САНАТЫНДАҒЫ 3 МЫҢ ЖАС ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30...

Ананың, әкенің абыройын асқақтату – өз болашағыңды сақтау

Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле. Қай кезеңде болмасын, қай ұлтта да бала тәрбиесі – басты мәселе болған....

Тағы да