Понедельник, 20 апреля, 2026

Түркістан: Сауран ауданында жол құрылысы жұмыстары қарқынды

Редакция таңдауы

Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

  Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Түркістан облысы Созақ ауданындағы Баба Түкті Шашты Әзиз кесенесін толық қайта жаңғырту жобасын іске...

ТҮРКІСТАНДА АКВАТУРИЗМ ДАМЫТЫЛЫП, ЗАМАНАУИ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров...

Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты

ОПЕК+ ұйымына мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайту мәселесін қарастырып жатыр. 5 сәуірде өтетін кездесуде 8 мемлекет өндіріс квотасын...

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Ел аумағында 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-нан астам қоғамдық құрылым жұмыс...

 

Түркістан облысы, Сауран ауданында автожолдарға ағымдағы және орташа жөндеу, бағдаршам және жол белгілерін орнату, веложолдар, аяқжолдар мен суағарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл 36 шақырымды құрайтын автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Негізінен аудан бойынша аудандық маңызы бар 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 625 шақырымды құрайды. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 403 шақырым. Қазіргі таңда КХ-58 «КХ-84 Нұртас-Шорнақ-Бабайқорған» 27-31,2 км автомобиль жолын орташа жөндеу, жарықтандыру, аяқжол және суағар салу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан мектептердің алдына жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылуда. Айта кетейік, 2023 жылы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысымен сметалық құжаттама әзірленуде. Сауран ауданында 15 шақырым жол жөндеуден өтті Түркістан облысында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қадағалуында тұр. Бұл ретте Сауран ауданында да жұмыстар жүріп жатыр. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сауран ауданындағы жалпы ұзындығы 15 шақырымды (Ойық ауылымен Ащысай ауылының арасы) құрайтын облыстық маңызы бар КХ-56 «Жамбыл облысының шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай — Р-31» автомобиль жолының 76-91 шақырымы аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық пайдалануға берілді. Құрылысын «Шымкентдорстрой» ПК» ЖШС жүргізді. Жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қабаты алынып, үстіне 2 қабат асфальт жабындысымен жаңартылды. Жүргізілген жұмыстардың сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты бақылауда болды. Сауранда келесі жылы бірқатар нысандар пайдалануға беріледі Сауран ауданының орталығы Шорнақ елдімекенінен 38 га жер бөлініп, онда аудандық әкімдік, күштік құрылымдар ғимараттары мен инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков мәлімдеді. Бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан келесі жылдың басында қолданысқа беріледі. Әкімшілік іскерлік орталықтағы басқа да ғимараттарды 2023 жылы толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Шорнақ елдімекенінде өрт сөндіру депосы мен 200 орындық аудандық орталық аурухананың, 500 орындық мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Аудан әкімінің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделген. 2023-2024 жылдар аралығында С.Қожанов елдімекенінде 300 орындық, Еңбекші дихан мен Қарашық елдімекендерінде 600 орындық, Аша, Ынталы және Құмтүйін елдімекендерінде 900 орындық, ал Ескі Иқан елдімекенінде 2 000 орындық мектептің құрылысы басталып, ел игілігіне тапсырылмақ. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жеке демеушілер тарапынан іске асырылып жатқан қонақүй келер жылы пайдалануға беріледі.

 

 

Жаңалықтар тізбесі

ТҮРКІСТАН: Кентаулық жас кәсіпкер мемлекеттік қолдаумен сабын цехын ашқан

Бүгінде кентаулық жас кәсіпкер Әлия Алдабергенова кішігірім цехта кір сабын өндіріп, жергілікті дүкен сөрелеріне өткізуде. Ол «Аграрлық несие корпорациясы»...

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10...

ТҮРКІСТАНДА ӘР ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Бүгін, 11-қараша күні...

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега–жұлдыздары “Азия дауысы-2023″ фестивалін дүркіретті. Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғандаалып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытындаолар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.   Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды. Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде. Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын–соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black...

Отанды қорғау- борышты іс

Сарбаздар жауынгерлік тумен қоштасты. Сарбаздар сап түзеді. Механикаландырылған бригаданың саптық алаңында жауынгерлік тумен қоштасу үшін 130-дан астам сарбаз жиналды. ...

Оқушылар үйірмеге қызыға ма?

Жақында Түркістан облысының «Білім беруді дамыту орталығының» және Түркістан қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес «Оқушылардың үйірме жұмыстарына қызығушылығын...

Әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толды

Күні кеше ауданымызда Қарттар күніне және ауданымызда әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толуына орай, ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Облыстық ардагерлер кеңесі...

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОП ЖИНАЛУДА

Сарыағаш ауданының диқандары ерте пісетін картопты жинауға кірісіп кетті. Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі...

Динара Закиева: Бала құқығын қорғаудың бірінші жолы – жазаны қатаңдату

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке...

Тағы да